Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Баянауыл ауданы
 

<< Артқа | Баянауыл орталық аудандық аурухана

 

Баянауыл орталық аудандық аурухана сан салалы емдеу орны болып табылады. Ол тұрғындарға стационарлық және консультативтік-диагностикалық дәрігерлік көмек көрсетеді. 5 стационарлық және консультативтік-диагностикалық бөлімнен, жедел жәрдем, жарақатты тану, емдеу пункттерінен тұрады. 65 төсектік аурухана Баянауыл селосының шетінде 1972 жылы салынған ғимараттың 3 қабатында орналасқан.



  • Терапевтік – 15 төсектік.
  • Хирургия – 18 төсектік.
  • Перзентхана – 10 төсектік.
  • Жұқпалы ауруларды емдейтін бөлімі – 12 төсектік.
  • Балалар бөлімі – 10 төсектік.

Соңғы рет 2006 жылы 30 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

Жеке қазандық арқылы қатты отынмен жылытылады.

  • Сумен жабдықтау – скважина арқылы.
  • Су жүйесі – тазаланатын орны бар.
  • Төбесі – темір шифер.
  • Терезелері – пластикалық.

Мекен-жайы: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жалаңтос батыр көшесі, 1.

Телефондары:

  • Бас дәрігердің қабылдау бөлімі-9-13-51.
  • Хирургия бөлімі: 9-13-71
  • Перзентхана: 9-13-65
  • Есепшілер: 9-15-46

Тарихи анықтама

1833 жылы Баянауылда казак станицасында алғашқы әскери лазарет ашылды. Ол 10 төсекке арналған, оны фельдшер Оконичников басқарды.

1918 жылы Асылбек Сейітов лазареттің бас дәрігері болып жұмыс істеді.

1934 жылы ауданда 15 төсектік аурухана жұмыс істей бастады.

1939 жылдан бастап 1945 жылға дейін Арғын Сүлейменов (1915-1985ж.ж.) бас дәрігер болып жұмыс істеді.1955 жылдан 1982 жылға дейін Ғалия Камалитденқызы Усманова басқарды.

1972 жылы 120 төсекке шектелген аудандық аурухана мәртебесін алды. Аурухана ішінде терапия, перзентхана, балалар, жұқпалы ауруларды емдейтін , туберкулез бөлімдері ашылды.

1982 жылдан бастап 1998 жылға дейін аурухананы Мұқан Қадырбекұлы Қадырбеков басқарды.

1998 жылдан бүгінгі күнге дейін кәсіпорынды Ағымбекова Әлия Саметқызы басқарып отыр.


АУРУХАНА ТУРАЛЫ

«Баянауыл орталық аудандық аурухана» КҚМК (коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорын) стационарлық көмек көрсетеді. 5 бөлімі (терапевтік-15 төсектік, хирургия-18 төсектік, жұқпалы аурулар бөлімі-12 төсектік, перзнтхана-10 төсектік, балалар бөлімі-10 төсектік) барлық саны 65 төсек.

Консультативтік-диагностикалық бөлімде амбулаториялық көмекті кіші мамандар: акушер-гинеколог, хирург, офтальмолог, дерматовенеролог, нарколог, психиатр көрсетеді.

Ауруханада ультрадыбыстық диагностикалық кабинет, ФГДС кабинеті, клиникалық-диагностикалық зертхана, физиокабинет, флюро мен рентген кабинеттері жұмыс істейді.

Қосалды бөлімшелер: Автоклав, ЦСО, кір жуатын орын, тамақ әзірлейтін асхана, қойма бөлмелері, қазандық, гараж.

DSC00517_.jpg


3.jpg

5.jpg

DSC00520_.jpg

DSC00529_.jpg

4.jpg

Барлығы 86 адам жұмыс істейді, оның ішінде – 48-і медицина қызметкерлері. (11 дәрігер, 37 орта буынды маман). Дәрігерлердің санаты – 82%, орта буын – 89%.

Баянауыл орталық аудандық аурухана

Бас дәрігер Армизов Қалкен

Біздің дәрігерлер

Баянауыл аудандық ауруханасының диагностикалық бөлімінің және дәрігерлік кеңес беру дәрігер мамандардың қабылдау уақыты

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ БАЯНАУЫЛ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН

Біздің дәрігерлер

 

4904628
5120

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.