Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 19.03.2014 ж. Бүкіләлемдік азаматтық қорғау күні аталып өтті.

 

4shkol.jpgШ.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінде жыл сайын Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғау күні  аталып өтеді. Биылғы «Азаматтық қорғау  апаттарды алдын алу және қауіпсіздік қоғам құру мәдениеті» тақырыбында өткен іс-шараның жоспары құрылып, соған сәйкес  жұмыстар жүргізілді. Мектептің барлық оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналары қатысқан үлкен жиын аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесе өткізілді.

Жиын мектеп алаңында өрт сөндірушілердің жаттығуын тамашалауымен басталды. Мектептің спорт залында жалғасқан жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері кәсіби құрал-жабдықтарымен жиналғандарды таныстырып, олардың атқаратын функцияларымен, құрылысымен таныстырып, жоғарғы сынып оқушылар көмегімен көрсетілім ұйымдастырды.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы шығарылып, мектеп оқушылары мен мұғалімдері марапатталды. Атап айтсақ, «Барлық қауіптен абай бол!» сурет сайысына қатысқан 6 сынып оқушылары Төлегенова Аяулым, Кенжебек Дарын, Талғатбек Әділ І орын; 5 сынып оқушылары Шаймардан Дана, Шакрат Артоты, Нағымтаева Меруерт, 6 сынып оқушысы Абдығомар Рауан ІІ орын;  5 сынып оқушысы Базарбай Азамат, 6 сынып оқушылары Оңалбай Біржан, Сағымбекова Даметкен ІІІ орын алғандары үшін аудандық   ТЖБ бастығы, ӨҚҚ подполковнигі  Т.Ахметовтің мадақтамасымен марапатталды.

Сонымен қатар мектептің «Жас құтқарушылар» командасы да жиынға қатысып, өз өнерлерін танытты. Ұйымдастырылған шағын концерт те жиынға қатысушылардың көңілінен шықты.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4863792
650

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.