Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

 

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Т.Садықов «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының барысы туралы» хабарлама жасады.

Аудан әкімі Қ.Шәкіров осы мәселе бойынша өткір сын - ескертпелер айтып, әсіресе ішкі істер бөлімі мен оқу бөлімінің бірлесе атқаратын жұмыстарында әлі де болса кемшіліктер бар екенін баса айтты. Мектеп ұжымдарына тек қана оқу процесінен басқа жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарына баса назар аудару қажеттігін айта келе, Ақтогай ауданындағы мектеп жанындағы интернатта орын алған оқиғаға тоқталды.

Осы мәселе бойынша аудан әкімі бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Елбасымыз жасөспірімдер мен балаларды әлеуметтік қорғау мемлекет саясатының басымдықтарының бірі ретінде атап көрсеткенін әсте ұмытпағанымыз жөн.

Балалар денсаулығын қорғау құқықтарын қатамасыз ету бүгінде алдымызда тұрған маңызды міндет.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Лекеров «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын ауданда іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша аудан әкімдігі тиісті қаулы қабылдады.

Сол күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің және Майқайың кент әкімдері, аудандық мекеме бөлімдерінің басшылары қатысты.

Мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Б.Рахметов «Аудан әкімінің 2008 жылғы жұртшылықпен есептік кездесу барысында түскен сауалдардың орындалу мерзімі 1 сәуірге дейін белгіленген шаралардың орындалуы туралы», тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы К.Дүйсенбаев «Ауданның елді-мекендеріндегі халықты ауыз су мен қамтамасыз ету жүйелері мен су тұщытатын қондырғылардың жұмысы туралы» және «Аудандық маңыздағы жолдардың құрылысы мен жөндеулерін өткізуге бағытталған дайындық жұмыстарының барысы туралы» хабарлама жасады.

Мәжілісте «Қаратомар, Құндыкөл, Бірлік және Жанатілек ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттарында 2008 жылдың  І тоқсанындағы өткізілген маңызды іс-шаралар және алдағы жұмыс жоспарлары туралы» округ әкімдері хабарлама жасады.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865492
633

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.