Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

 

Күн тәртібінде қойылған бұл мәселенің жылма -жыл қиыншылықтар әкелетіні белгілі. Дала өрттерінің жаз шықпай, жер құрғамай өрт шығуының себебі неде? — деген орынды сұрақ туындаса керек. Барлық, гәп сол жер иелерінің өздерінің де өрт шығуға себепкер болатындығын тілге тиек етеді кейбір мамандар.

Біріншіден техника ақаулығы, екіншіден ескі шөптен арылу, жас шөптің көктеп шығуын ойлаған жер иесі өз қолымен де өрт салатынын байқапты. Өкінішке орай, ол осы ісімен табиғатқа қаншама залал келтіріп отырғанын түсінбейтін көрінеді.

Осы күн тәртібі бойынша Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары С.Ибраев пен аудандық өртке қарсы бөлімі бастығының міндетін атқарушы ішкі қызмет капитаны Қ.Данияров хабарлама жасады.

Xабарламашылардың ақпараттарына сүйенсек өткен жылы 21 рет дала өрті тіркеліп, 30 мың гектарға жуық дала алқаптары жанған. Туған табиғатымызға айтарлықтай нұқсан келген. Ұлттық табиғи паркі аумағында 10 рет өрт жағдайы орын алған.

Биылғы жыл басынан өртке қарсы қызмет бөліміне 23 рет өрт жөнінде хабарлар түсіпті. соның ішінде 2 рет дала өрттері туралы. Олар - Қызылтау ауылдық округінің «Тілесбай» мал учаскесі мен Қаратомар ауылдық округінің «Жыланды» дала аумағы маңындағы Жайма — Баянауыл жол жиегінде болған.

Осы өрттердің барлығына алғашқы анықтау жұмыстары жүргізіліп, аудандық ішкі істер бөліміне шешім қабылдау үшін жіберіліпті.

Өткен жылы осы есеп беріп отырған қос мекеменің күшімен барлық — жоғы 5 трактор жүргізушіге өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынғанынан, олардың қандай жұмыс атқарғанын айтпасақ та түсінікті шығар.

Осы мәселе бойынша аудан әкімі Қ.Шәкіров аудандық ішкі істер бөліміне, өртке қарсы қызмет бөліміне нақтылы тапсырмалар беріп, әрбір өртті тыңғылықты тексеру қажет, -деді. Ал, оған себепкерлер болған жағдайда, оларды қатаң жауапкершілікке тарту осы органдардың міндеттері екенін баса атты.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865523
664

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.