Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

 

foto_km.JPG

Үстіміздегі жылдың 19-сәуірінде Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлыңының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, қазақ әдебиетінің майталманы Қадыр Мырза Әлі Баянауыл жеріне ат басын тіреді.

Қадыр ағамыз дарындар мен даналардың киелі мекені, жер жәннәты Баянауылға келісімен Баянауылдан шыққан ерекше қасиетті болған адамдардың аты жазылған тасқа барып, ондағы «Азаматын әулиедей көрсе егер, мың әулиең көп болмайды ол елге» деп қашап жазылған өзінің өлеңін көрді.

Содан  кейін С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінде  Қадыр ақынның аудан жұртшылығымен  шығармашылық кездесу кеші өтті.

Қазақ ұлтының әдебиетін дамытуға зор үлес қосқан әйгілі ақынмен кездесуге келген жұртшылықтан залда ине шаншар жер болмады.

Алғашқылардың бірі болып сахнаға Қадыр аға мен Алматыдан бірге келген белгілі қоғам қайраткері, өнертанушы мемлекеттік «Дарын» сыйлығының авторы Мәди Артығалиев шығып, «Баянауылға есті қазақ, есеңгіремей, ақыл ой мен, парасатпен келеді», -дей келе Қадыр ақын жайлы ой тарқатты.

Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында  дүниеге келген.

Ақиық ақын Алматыдағы ҚазҰУ-ды тәмамдаған соң, «Балдырған» журналының әдеби қызметкерлігінен бастап, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, «Балауса» баспасының директоры қызметтерін атқарған.

Елуден аса прозалық, поэзиялық жинақтардың балаларға арналған топтамалар мен әдеби-сын  кітаптардың авторы. «Жаңғалақтар», «Кішкене қожанасырлар», «Данышпан», «Ноян қоян», «Алуан палуан», «Сабақ» атты кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосқан  елеулі үлесі болды.

Ақынның 200-дей өлеңіне ән жазылып, «Күндер-ай» деген атпен жеке жинақ болып шыққан. Өлендері орыс, ағылшын, француз, болгар, венгр, финн тілдеріне аударылған. Отан, замандас, табиғатты қорғау, бейбітшілік, адам өмірі, заман туралы іргелі әлеуметтік, азаматтық ойлар толғайды.

Ол - әлем әдебиетінің озық үлгілерін өз жырларына дарыта білген, философиялық-дидиактикалық дәстүрді жаңғырта, дамыта жырлаған өзіндік өрнегі бар ақын.

Осыншама жетістіктерді бір өзі бойына сіңірген дара тұлғалы Қадыр аға сөз тізгінін өзі алды.

Кездесуге келіп, өзін асыға күткен жұршылыққа өмірі мен шығармашылығы жайлы айта отырып, жас буын өкілдеріне ақыл-кеңесін беріп, өзекті ой тастады. Көпшіліктің көкейінде жүрген көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Ақын бірнеше өлең-жырын жұртшылыққа арнап оқыды.

Өз кезегінде сөз алған ардагер ұстаз, ақын Зекебай Солтанбайұлы, Қабыкен Әлжанұлы, жергілікті өлкетанушы Алтынбек Құрманов Қадыр ағаға игі тілектерін білдірді.

Аудан әкімі Қорабай Шәкіров Қадыр ақын мен Мәди Әдиұлының иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.P1080881.JPG

Аудандық өнерпаздар Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған бірнеше әндерді асқақтата шырқаса, Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп интернатының бір топ оқушылары ақын өлендерін нақышына келтіріп оқыды.

Мәдениет үйіндегі кездесуден кейін Қадыр аға Қ.Сәтбаев мемориялдық мұражайын тамашалап, ондағы экспонатпен танысты.

Ертеңінде Жаңажол ауылындағы Ескелдіде орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесіне барып, тәу етті.

P.S: Көзі тірісінде аты аңызға айналған адамдар болады. Ол аңыз біртуар азаматын сүйген ырзалы халықтың мырзалы көңілінен туады.

Ұрпақтаң ұрпаққа жететін сом тұлғалы, соны туындылары мен ғана емес, азаматтық ерлігімен де ел құрметіне бөленген Қадыр ақын аты аңызға айналған қазақтың біртуар ұлдарының бірі десек артық айтқандық болмас.

Өзі жетпіс үштен асса да қалжыңқой, сұлулыққа іңкәр қиялымен самғап келе жатқан қаламгерге қарап, қартаймауның бір сыры – осындай сырлы қалжындарының әсері шығар деген ойда қалдық.

«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деген нақыл сөз осындайда айтылса керек.

Айнұр ҚУАТҚЫЗЫ.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4896169
696

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.