Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 06.05.2008 ж. Құрметті жерлестер, қадірлі ардагерлер!

 

Бүгін біз халқымыздың 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлігі пен қаһармандығының  арқасында мүмкін болған Жеңістің 63  - жылдығын мерекелеп отырмыз.

Бұл күн - әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн – бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барлық майданында ерлікпен шайқасты, майдан үшін тылда талмай еңбек етті,  олардың көпшілігі тәуелсіз Қазақстанның бейбіт  аспаны астында сіз бен біздің өмір сүруіміз үшін жандарын пида етті. Олардың есімдері Жеңістің жылнамасына алтын әріптермен жазылды.

Жеңістің 63 – ші  көктемін  тойлап отырмыз, бұл мерекемен бірге елордамыз Астананның 10 жылдығыда қатар келді. Зор еңбек пен ерліктің жемісі саналатын бұл екі тарихи оқиғада еліміздің мерейін дүние жүзі алдында үстем етті. Бізді әлемге танытты. Бүгінде әлем Қазақстанды батыр халық, бай халық, мейірбан, қонақжай халық деп таниды. Қазақстан десе Астананы қатар айтады.

Қан майданда бар күш-жігерін аямай, бейбіт өмір үшін, болашақ ұрпақ үшін күрескен ардагерлеріміздің алдында тағзым ете отырып, осынау әр адам үшін жарқын да қымбат мереке – Жеңіс күнімен  құттықтаймын. Сіздерге  зор денсаулық , ұзақ ғұмыр , отбасыларыңызға құт – береке және ортақ үйімізге  бейбітшілік пен тыныштық тілеймін.

Еңбекте және  Отанымыз    Егемен Қазақстанның игілігі жолындағы қызметте табыстан-табысқа жете берулеріңізге тілектеспін.

Бүгінгі күн – келешек ұрпағымыздың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан қуанышқа толы күн.

Бұл күн  - ерліктің куәсі,  қаһармандықтың куәсі, Жеңістің куәсі, тарихта   алтын әріппен жазылған ерекше күн.

Мерекелеріңіз құтты болсын !

Аудан әкімі                            Шәкіров Қ.Ш.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4903472
4526

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.