Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 07.05.2008 ж. «Екпінді саябақ – 2008»

 

Табиғат жанашырлары бас қосты

Жуырда Торайғыр ауылында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығы мен С.Торайғыров атындағы орта мектептің «Жас орманшылар» шәкірттерінің бірлесе ұйымдастырған халықаралық және республикалық табиғатты қорғау, көркейту мақсатында «Екпінді саябақ - 2008» акциясы өтті.

Игі шараға БМҰТП-нің қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің мамандары, аудандық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

korgau.jpgЕкпінді саябақ шарасының салтанатты ашылу рәсімінде  С.Торайғыров атындағы орта  мектептің директоры Қайыртас Сыздықов, БМҰТП директорының орынбасары Самат Ибраев, Жасыбай орманшылығының орманшысы  Жұман Дүйсекеевтер сөз алып, табиғатты қорғау, оны көздің қарашығындай сақтау баршаның ісі екенін айтты.

Ал, БМҰТП-нің директоры Темірболат Қасен туған табиғатымызды қорғауда қаншалықты жұмыстар атқаралып, іске асқандығы жайлы баяндады. Биыл осыған дейін  120 гектардай жерге ағаш отырғызылған. Табиғатымызды көркейтіп, көгалдандырудағы жетістіктерді осыдан-ақ аңғаруға  болатын  сияқты.

Салтанатты жиын  жас орманшылардың дайындаған  «Экология – табиғат және біз», «Көркем де көрікті  табиғат туралы не білесің?» атты сайыстары мен «Табиғатты қорға!» көріністеріне ұласты. Әсірсе, оқушылардың бар ынтасын салған М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді көрінісі залда отырған әрбір көрерменнің көзіне жас үйірілтті.

Сонымен қатар, оқушылар ауыл әкіміне, БМҰТП-нің директорына, жалпы аудан халқына «Табиғатты аялайық!» атты Үндеу жолдады.

Мектеп оқушыларының «Табиғатым байлығым» көркем сурет пен табиғи заттардан жасалған қол өнер туындыларының көрмесі тамашалынып, көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Экологиялық сайыста «Ауаның құрамын» тілге тиек еткен 8-сынып оқушысы Гүлнұр Оразалимова бірінші, «Ел байлығын қорғайық» тақырыбын қозғаған 5-сынып оқушысы Айым Зейнулқабиденова екінші орынды иеленді.

Сурет салып, қылқаламмен табиғатты сөйлеткен  Бауыржан Жұмабаев  пен Жанерке Әбілдиналар бірінші, екінші орындарды өзара бөлісті. Қолөнер шеберлері Гүлмира Әбілда мен Айнұр Сабықовалар да ерекше аталды.

Үндеу хат жолдау сайсында Назгүл Әбішева жеңімпаз деп танылды.        «Табиғат білгірлері» сайысында бірінші орынды 5-сынып оқушылары «Құлпынай» мен екінші орынды 6-сынып оқушылары  «Қарлығаштар» қанжығалады.

БМҰТП-нің директоры Т.Қасен С.Торайғыров  атындағы мектептің директоры мен қатар акцияны өткізуге атсалысқан  бірнеше мұғалімдерге  алғыс хаттар табыс етті.

Тағы бір айта кетерлігі, ұлттық парк директоры  аталмыш мектептің өнерпаздар ұжымының сахналық киіміне қаражат және  бір музыкалық орталық сыйға тартатындығына уәде берді. Осыны естіген ұстаздар мен оқушылардың  қуанышында шек болмады.

tabygat.jpgАталмыш акция  спорттық ойындарға ұласты. Тоғызқұмалақтан 10-сынып оқушысы Абылай Сейітов суырылып алға шықты.

Волейболға қатысқан командалар арасынан ұлттық парктің командасы  бірінші орынды қанжығасына байлады. С.Торайғыров мектебінің командасы екінші  орынды иеленсе, жас орманшылар командасы үшінші орынды місе тұтты.

Спорттық ойында бағы жанғандар марапатталып, ақшалай және  бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сәтін тауып, осы шараның өтуіне ұйытқы болған Жасыбай орманшылығының орманшысы Жұман Қасенұлы Дүйскеевпен әңгімелескен едік.

- «Екпінді саябақ - 2008» акциясы  халықаралық табиғатты  қорғау мақсатында  жүргізілетін дәстүрлі шара. Дәстүрлі дейтініміз бұл шара  осымен  5 рет өтіп отыр.

2004 жылы БМҰТП-директорының бұйрығымен «Жас орманшылар» мектебі құрылған болатын. Содан бастап жас орманшылар  өз бағыттары  бойынша жұмас жасауда.

Жас орманшылар мектебінің мақсаты жас ұрпақтың  табиғатқа деген  сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық  сезімін ояту, оқушылардың экологиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру болмақ.

Олар өздеріне  адам мен табиғаттың өзара  байланысын, экологиялық мәселелердің маңыздылығын ашу міндеттерін жүктей отырып, жылдық жоспарларын  іске асырады.

Атап айтсақ, «Жасыл Наурыз»,  «Жасыл жер  үлкендер және балалардың қолымен» шаралары, «Өмір сүр Жер-Ана», «Сәлем, құс елі», «Түлектер аллеясы», «Орман көркін сақтайық» акциялары , «Табиғат айнасы  - 2008» шығармашылық сайыстар мен  денсаулық күндеріне  арналған әртүрлі  сауықтыру іс-шаралары  ай сайын дәстүрлі  түрде  өткізіледі.

Бастапқы үш жыл бойы өз күшімізбен жұмыс жасадық.  Жастар табиғатпен байланысты  дүниелердің бәрімен  етене танысты.

2007 жылдан бастап БМҰТП-і көмекке қол ұшын созды.

Жас орманшыларға биыл арнайы жұмыс киімі де берілді.  Жас орманшылар мектебі шәкірттерінің жетекшісі С.Торайғыров атындағы мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Роза Әбішеваның көмегімен Жасыбай  орманшылығы бірлесіп талай игі шараның басын қайырдық.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші ағаш отырғызуды  бірінші болып біз бастаймыз. Биылғы жылдың өзінде  54 мың түп ағаш отырғызылды.

Әңгімеңізге рахмет.

РS: Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Біз бәрін табиғаттан аламыз. Ал қарымтасын қайтаруға келгенде үніміз шықпай қалатыны қалай? Судың да сұрауы бар емес пе?!  «Бір тал сынса, он тал ек» деген атам  қазақ. Он емес  әр адам жылына 2-3 тал егіп, оны күтіп, баптаса, табиғатқа тиер пайдамыз да сол болмақ. Жұмыла көтерген жүк әрқашан жеңіл.Тіпті өзіміз пайда келтірмесек те, табиғатты қорғауда,  көріктендіруде барынша тер төккен «Жас орманшылар» мектебінің  шәкірттеріне  қол ұшын бергеніміздің өзі  табиғат ананың  мейіріміне бөленгеніміз емес пе?

Айнұр ҚУАТҚЫЗЫ.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4904575
5067

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.