Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 07.05.2008 ж. КӨНЕ ДҮНИЕЛЕР КӨРМЕСІ

 

С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мұрындық болуымен Павлодар облысының 70 жылдығына және Баянауыл ауданының 80 жылдығына орай ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

korme.jpgАталмыш көрмеге барлығы 15 ауылдық және кенттік округтерден 27 қолөнер шеберлері қатысты.

Ұлттық қолөнеріміздің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау бағзы замандардан бастау алады.

Қазақ халқы – кең-байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші. Ел ішінде он саусағынан өнер тамған, қолөнердің сан саласын жақсы меңгерген ісмерлер бүгін де аз емес.

Қолөнердің бірнеше салалары бар атап айтсақ, ағаштан, маталлдан, тастан, сүйектен, мүйізден, киізден, тері мен былғарыдан жасалған әртүрлі үй бұйымдары, зергерлік заттар, ұлттық көне музыкалық аспаптар, қару-жарақ үлгілері т.б.

Ескінің көзіндей көне дүниелер ел ішінде әлі де сақталып келеді екен. Оған осы көрмеде көзіміз анық жетті.

korme1.jpgОн саусағынан өнер тамған хас шеберлер халық қазынасына айналған ғажайып өнер туындыларын осы көремде жайып салды.

Ұмыт бола бастаған қазақтың ұлттық қолөнерін көптің назарына ұсыну, шебеледің жұмысын насихаттау, жастарға үлгі ету мақсатында өткен көрмені аудан жұртшылығы да көріп тамашалады.

Көрмеге қолөнердің қыр-сырын түсінетін бірқатар азаматтар қазылық етіп, баға берді.

Бірінен бірі асып түсетін, көздің жауын алатын шеберлердің қолөнер туындыларына баға беру оңайға түспейтіні анық.

Дегенмен әділ қазылар бір байламға келіп қорытынды жасады.

«Ағаш шебері» номинациясына ағаштан түйін түйген, домбыра жасаудың шебері баянауылдық Қуат Шерияздан ие болды. «Қайыс, тері, мүйіз, бұйым шебері» номинациясын күркелілік Бақытжан Жүнісов, «Тұс киіз және киіз тігу шебері» номинациясын ақсандық Сара Ермекбаева, «Тұрмыстық заттар  жасау шебері» баянауылдық Майкен Сейітова, «Ұлттық киім тігу шебері» номинациясын қызылтаулық Зүбайра Қамарова, «Табиғи материалдардан жасалған сурет шебері» номинациясын майқайыңдық Бақыт Әліпбаева, «Моншақ, биссер, сувенир, заттарды жасау шебері» номинациясын Майқайың №2 мектебі иеленді.

Сонымен қатар Үмітжан Бердібекова (Жаңажол), Бақыт Абылғазина (Шөптікөл), Сәуле Рахымжанова (Торайғыр), Дәмет Басыбаева (Баянауыл), Гүлзада Жұмабекова (Қаражар), Бағзат Смайылова мен Үміт Жапарова (Ақмектеп ауылы), Рашид Абжанов (Құндыкөл) белсенділік танытты.

Номинация иегерлері арнайы мадақнамалар, сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетерлігі, көрменің ұйымшылдықпен өтуіне Ш.Айманов атындағы гимназия мектеп интернатының директоры Т.Қалышбеков, Баянауыл №2 мектебінің директоры К.Назымбекова, З.Ақышев атындағы №3 мектебінің директоры Б.Кәрібжанова, «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі С.Таңжарықова, Майқайың  «Кенші» мәдениет үйінің директоры Х.Жакеева, С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінің директоры Б.Башарова, аудандық мәслихаттың хатшысы А.Дәулетқалиев, білім бөлімінің меңгерушісі Ж.Түсіпбаев, аудандық аумақтық инспекция бастығы Р.Нұрғалиев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Қ.Сүлейменов, кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі С.Нұрпейісов, Майқайың балалар музыка мектебінің директоры Ә.Әбікенова, Ақсан ауылының әкімі Т.Смағұлов, Баянауыл селосының әкімі Б.Нұрша және жеке кәсіпкерлер М.Назарбаев пен К.Байпақбаевлар демеушілік жасап, мәрттік көрсеткен.

Айнұр ҚУАТҚЫЗЫ.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4903455
4509

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.