Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 01.11.2015 ж. Қамқоршы күні

 

99999991.jpgШадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінде «Қамқоршы күніне» орай «Балаларға жылулық сыйла!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға қонақ ретінде Мадияр Шушаевтың ата-әжесі, қамқоршы әпкесі мен жездесі, уақытша қамқорлықтағы Мәдениет Солтаховты тәрбиелеп отырған әпкесі және денсаулығына байланысты үйде оқитын Ерғанат Ақмолдин әжесімен  шақырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты – баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған жанұяларға алғыс білдіру, балаларды орналастырудың альтернативтік нысандарын көпшілікке тарату ( қамқоршылық, патронат, асырап алу).

Шараға қатысушылар жақсы көңіл-күйде болды. Аталған оқушылардың отбасында, қоғамдық өмірде жылулыққа бөленген сәттерін бейнелейтін фотогалерея жасалып, слайд көрсетілді. Қамқорлықтағы оқушыларымыз өздерінің туған-туыстарына жүрекжарды лебіздерін алғыс-ашықхаттар, өлең жолдары, ән мен шығарма түрінде жеткізді. Мектеп директорының құттықтау сөзінен кейін қамқоршыларға сыйлықтар табысталды.

Іс-шараның соңында мектеп психологі жүргізген «Жүректен жүрекке» тренингісінде балалар ата-аналарына, ата-аналар балаларына, ұстаздарға жүректеріндегі тілектерін айтты. Іс-шара өте мәнді, мағыналы ұйымдастырылды. Кеш соңында естелік фотосуретке түсті.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865464
605

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.