Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 02.11.2015 ж. Республикалық «Балаларға жылулық сыйла» акциясы.

 

452111.jpg«Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беру орта мектебі»  КММ  «Балаларға жылулық сыйла»  Республикалық акциясы аясында «Қамқоршы күні» мерекелік шарасын өткізді.  Бұл шараның мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру, әлеуметтік жетімдікті болдырмауға жұртшылықты тарту болып табылады.

Жалпы  мектепте екі тұл жетім бала бар. Олар: 9 в сынып оқушысы  Есжанов Нұржан  мен  3б сынып оқушысы Бекбаев Диас. Бұл балалар қазіргі уақытта туыстарының үйінде тәрбиеленуде. Осы акция шеңберінде  балалар тәрбиеленіп жатқан отбасылардың отбасылық фотогалереясын дайындадық.  Бұл фотогалереяда балалардың отбасымен, туыстарымен, достарымен түскен фоталары жинақталды.    Бұл балалардың отбасыларына барып, жағдайларымен танысып, балаларды тәрбиелеп, қамқорлыққа алғандықтарына ризашылық білдірілді.

Сонымен қатар мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен 5-10 сыныптар арасында «Балаларға жылулық сыйла» атты шығарма байқауы өткізілді. Шығарма байқауының қорытындысы бойынша ең үздік шығарма номинациясына 9б сынып оқушылары Сануар Айсана мен Мейрам Айгерім ие болды. Бұл балалардың шығармасында жетім балаларға үнемі жан-жақты мейірім көрсету керектігін ашып жазған. Оларға ерекше қамқорлық жасалу керектігін мысалдармен келтірген.

Мектеп кітапханашылары Лекерова Даметкен Мұхамедиярқызы мен өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бекмағанбетова Жанар Қуантайқызы 10 сыныптар арасында «Мейірімділік, қамқорлық дегенді қалай түсінеміз?» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл дөңгелек үстелге ұстаздар да қатысып, балалардың осы тақырыптағы пікірлерін білді. Жалпы іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Әлеуметтік педагог Алтаев Досжан Ахметұлы мен тәлімгер Рахметова Фарида Кенжебайқызы  Нұржан мен Диасты мұражайға экскурсияға  апарып, қыдыртып тәттілер алып беріп қуантты. 27 қазан Нұржанның туған күні болғандықтан, осыған байланысты мектеп ұстаздары демеушілік жасап Нұржанға куртка , бас киім, ұсақ-түйек киім кешек сатып алып табыстады. Қамқорлық жасаған ұстаздарға Нұржан мен Диас өз қуаныштарын, алғыстарын білдірді.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865487
628

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.