Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 03.11.2015 ж. Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару бөлімінің мамандары оқу-жаттығу жиның өткізді

 

4552611.jpg«Жаман айтпай, жақсы жоқ » демекші еліміздің қай түпкірінде болмасын төтенше жағдайлар жиі орын алып жатқанын көзіміз көріп, құлағымыз шалып жүр. Бірақ еліміздің қай жерінде болсын төтенше жағдай орын алса, сол жерге ең бірінші болып жететін батыл да ер жүрек маман иелері ол әрине құтқарушылар. Құтқарушылар бұл төтенше жағдайда жедел және батыл әрекет ететін топ. Құтқарушылар үшін ауа-райының қолайсыздығы еш уақыт кедергі емес, олар әрдайым жоғары жауынгерлік дайындықта болуы шарт.Осындай жоғары жауынгерлік дайындықтың бір түрі ол оқу жаттығу жиыны болып табылады. Сондай оқу жаттығу жиынының бірі Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп интернатының оқушылары мен «Жас Даурен» облыстық сауықтыру аланың демалушыларына арнап Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару бөлімінің мамандары өткізді. Оқу жаттығу жиында сөз алған Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару бөлімінің жетекшісі С.В.Лебедев пен жедел құтқару бөлімінің бас құтқарушысы С.Б.Джанкулов құтқарушы мамандығының қоғамдағы орнына тоқталып, биыл мектеп бітіргелі тұрған түлектерді еліміздегі төтенше жағдай мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарына түсуге шақырды.Одан соң мектеп ғимаратында арнайы таңдалып алынған жаттығу алаңда Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару бөлімінің құтқарушылары:К.Ш.Шахмет, М.М.Оспанов, Р.Р.Молдагалиев, В.Н.Прохоренко оқу-жаттығу жиынына жиналған оқушыларға, биік ғимараттарда орын алған тілсіз жау өрт кезінде адамдарды ғимараттан қалай түсіру керек екенін жаттығу түрінде көрсетіп, жаттығу барысына оқушыларды да қатыстырды.Әрі қарай Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару бөлімінің кинология қызметінің жетекшісі Г.А.Куценко арнайы иіс сезгіш иттермен бірнеше жаттығулар өткізді.Оқу-жаттығу жиынынан соң оқушылар Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару бөлімінің құтқарушылары мен кинология бөлімімен естелік фотосуреттерге түсті.

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының педогог ұйымдастырушысы Е.Б.Рахимтаев

 

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865577
718

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.