Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 20.01.2016 ж. ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ БАСШЫЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

0202_.JPGАпта басында өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 53-ші сессиясында Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы анықталды. Жергілікті мәслихат депутаттарының келісімімен жаңа қызметтің тізгінін бұған дейін Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары лауазымында жұмыс атқарып келген Мұсатаев Мұрат Елқуатұлы ұстады.

Баянауыл ауданына қарасты Бірлік ауылының тумасы М.Елқуатұлы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін экономист-менеджер, Б.Бисенов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясын құқық қорғау қызметі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Павлодар қаласында өрт сөндіруші болып бастаған полиция майоры Мұсатаев ішкі істер органдарында 14 жыл бойы қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында ол облыстық ішкі істер басқармасының бақылаушысы; Павлодар қаласы және Шарбақты ауданында учаскелік полиция инспекторы; облыстық ішкі істер департаментінің тылдық қамтамасыз ету басқармасының және мүліктік заттар тобының инспекторы, кейіннен аға инспекторы; Павлодар қаласының ішкі істер бөлімі жедел бақылау орталығының аға кезекші инспекторы, Ленин кенті полиция бөлімшесінің бастығы  қызметтерін атқарып келді.

Ал, сессия жұмысына арнайы қатысқан аудан әкімі Нұрлан Күлжан жаңа құрылымның бастығына жұмысына сәттілік тілеп, халыққа қалтқысыз қызмет ететіне сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, жергілікті атқару органдары мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беру арқылы полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған жергілікті полиция қызметінің құрамына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік полициясы қызметкерлері, өңірлік және табиғатты қорғау, сонымен бірге әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері енді. Жергілікті полиция қызметінің бастығы жергілікті әкімшілік пен мәслихат алдында жылына 2 рет, ал жұртшылық алдында бір рет есеп беріп отырмақ.

Жергілікті полиция қызметінің жұмысының дені құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу мен оның жолын кесу, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс жүргізу, қылмыстық теріс әрекетке  хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру бағытында болмақ.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4903409
4463

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.