Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 21.01.2016 ж. Қос Азамат айтыста оза шаптты

 

0070.jpgҚазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 25 жыл және Инновациялық Еуразия университетіне 25 жылдық мерейтойына арналған «Бір ел-бір тағдыр»  атты тақырыпта облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Айтыстың мақсаты: Егемен еліміздің тұғырлы азаттығын жырлау, халқымыздың салт-дәстүрін, ана тілі мен дінін, ұлттық өнерін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін өскелең ұрпаққа насихаттау, айтыскер ақын, жазушы, журналист, шежіреші Қимадиден Нығмановтың өмір жолын жырға қосу, қазақтың маңдайына біткен асыл азаматты жас буын өкілдеріне насихаттау, отандастарымыздың береке-бірлігі мен татулығының арқасында Тәуелсіздікті баянды етіп отырған президентімізді жырға қосу; Еліміздің бүгінгі тынысын, жаңа тарихын жырлап, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу; Инновациялық Еуразия Университетінің тарихын, жеткен жетістіктерін баян ету; Айтыс өнерін кеңінен өріс алдырып, суырып салма ақындық өнерді шыңдау болып табылды. Аламан айтыста құрамы 5 адамнан тұратын қазылар алқасы төрелік етті. Айтыс ашық түрде 10-дық ұпай жүйесімен бағаланды. Қазылар алқасы ақындарға төмендегі қасиеттері бойынша баға береді: айтыскер ақынның білімділігі,тақырыпты аша білуі,көркем сөз бен астарлы сөздерді орынды қолдануы,қарсыласына орынды, ұтымды жауап пен тойтарыс беруі,сахна мәдениеті мен киім үлгісі.

Осындай аламанды сөз көкпарына аудан орталығындағы Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ- ның 7 сынып оқушысы Базарбай Азамат пен 9сынып оқушысы Арғынбай Азамат жүлделі орында қанжығаларына байлап қайтты. Базарбай Азамат бас жүлдені иеленіп сыйлыққа телевизор алса, Арғынбай Азамат айтыстың арнайы кубогы мен кітаптарға  ие болды. Осынау аламан айтысқа оқушыларды дайындап шыңдап жүрген ұлағатты ұстаз Ахатов Таңат Қуанұлына айтар алғысымыз шексіз.Келешекте қос Азамат талай айтыста топ жарарына сенеміз.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4904572
5064

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.