Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 26.01.2016 ж. Жоспарлы жұмыстар жүргізіледі

 

0015.jpgЖергілікті атқарушы органдардың әкімдерінің жыл сайын халық алдында есеп беру жиындары жалғасуда. Қаңтардың 26-ында осы үрдіспен халық алдындағы есеп беру жиналысы Баянауыл ауылдық округінде өтті. Аудан тұрғындары және мекеме мен ұйымдардың басшылары, қызметкерлері қатысқан алқалы отырысты аудандық мәслихаттың хатшысы Темірболат Қасен жүргізді.

Мәжілісте аудан әкімі Нұрлан Күлжан жұмыспен қамту, шағын кәсіпкерлікті дамыту, автомобиль жолдарын күрделі және ағымды жөндеу, білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік, туризм, ветеринария, тағы да басқа салаларда орындалған жұмыстар легіне тоқталды. Есепті кездесуде Баянауыл ауылының әкімі Қинаятолла Тәліпов те жыл ішінде жүргізген жұмыстары жөнінде есепті баяндамасын жасады.

Ауылдық округі әкімі күні бүгінге дейін түйіні тарқатылмай, шарықтау шегіне жеткен шиеленісті жайттарды атап өтті. Бұлардың қатарында мал бағу, тазалық сақтау, қаңғыбас иттерді аулау мәселелері бар.

Алғашқысы жөнінде Қ.Тәліпов: «Қазіргі уақытта аудан әкімі Нұрлан Мұқатайұлының тапсырмасына сәйкес арнаулы іс-шаралар жоспары жасалынды. Жұмыс тобы құрылды. Ауылда мал ұстау қағидасының жобасы жасалынып, талқылануда. Мал ұстау ережесі толығымен қаралғаннан соң, ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін облыстық мәслихаттың қарауына ұсыну жоспарланып отыр» - деп аталмыш ереже бекітілсе ауылда мал ұстау мен бағу бір қалыпқа келетініне сендірді. Тазалыққа қатысты мәселе турасында «Өткен жылы сәуір-қазан айларында жұма сайын жүргізілген тазалықтарға қарамастан, кейбір үй маңдары күл қоқысқа толы. Олар; Сәтбаев көшесі бойындағы «Камчатка» дүкені маңындағы үйлер, Жаяу Мұса көшесіндегі екі қабатты үйлер маңы, Әуезов көшесі бойындағы екі қабатты үйлер маңы, Айтбақұлы, Бекмаханов, Кемеңгеров, Аймауытов, Көпеев көшелерінде орналасқан үйлер маңы. Тазалық маусымынан бастап ішкі істер бөлімімен бірлесіп бұл көше тұрғындарына қатаң шаралар қолданылатын болады» - деп ескертті. Қаңғыбас иттердің жағдайы бойынша «Былтырғы жылы ауылдық округ бойынша 240 ит ауланды. Осы жылдың қаңтар айының өзінде 50-ге жуық бұралқы ит ауланды. Ауылдық округ бойынша қаңғыбас иттердің 90 пайызы толығымен жойылды» - деген ауыл әкімі кейбір тұрғындар тарапының жауапкершілік жүгін айқын сезіне білмеуінен осы тектес мәселелердің туындап отырғанын тілге тиек етті.

Есептік кездесу барысында аудан және ауыл әкіміне бірнеше жазбаша сауалдар қойылды. Көпшілік сын-ескерпелерінде әлгінде аталған үш мәселені қамтып, көшені жарықтандыру, қоғамдық көлік, жол белгілерін қою мен жылдамдықты асыра жүргізетін көлік жүргізушілерді тәртіпке келтіру керектігін алға тартты.

Қойылған сұрақтарға аудан және ауыл әкімі жоспарлы жұмыстар қолға алынғандығын айтып, туындаған мәселелер кезең-кезеңімен өз шешімін табатынын жеткізді.

Қанат ТИТАН.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4903377
4431

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.