Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 01.02.2016 ж. Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тұрғындардың назарына ауданда тұмау және тұмауға ұқсас (ЖРВИ) ауруларына жеткілікті тиімді жүйе қамтамасыз етілгені туралы хабарлайды.

 

Қазақстанда тұмау және ЖРВИ ауруларының жоғарлауы, өткен эпидемиологиялық кезеңдерді  саралау бойынша қаңтар айының соңынан және ақпан айының басынан бастап аурудың төмендеуі, мамыр айында бірлі-жарым жағдайлары байқалады.

Баянауыл аудандық  тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тұрғындардың назарына ауданда тұмау және тұмауға ұқсас (ЖРВИ) ауруларына жеткілікті тиімді жүйе қамтамасыз етілгені туралы хабарлайды.

Жедел шаралар қолдану мақсатында  жыл сайын 1 желтоқсаннан бастап тұрғындардың  жіті респираторлық вирустық инфекция және  тұмаудың  жағдайы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Балалардың мектепке  дейінгі мекемелерінде  және мектептерде күн сайын балалардың және қызметкерлердің қатысуы бойынша мониторинг жүргізіледі. Ата-аналардан сұрастыру, тәңертеңгі тексеру және  дене қызуын өлшеу жұмыстары ұйымдастырылған. Жаппай ойын-сауық шараларын өткізу шектелген.Температуралық,  бөлмелерді желдету тәртібі және науқастанған балаларды, қызметкерлерді уақытылы оқшалау  бақыланады.

Облыста  бүгінгі күні кезеңдік ЖРВИ  аурулары тіркелген. 2015 жылдың 1 қазанынан 2016 жылдың  25 қаңтары аралығында жіті респираторлық вирустық инфекциясының 13178 жағдайы, өткен жылдың кезеңінде – 14370 жағдайы тіркелген. 25-қаңтарға дейін 450 адамды тұмау ауруынан күдіктенсе, оның біреуі ғана дәлелденді. Кішкентай пациенттің тұмауы кезеңдік «А» типтік вирус штаммынан туындаған.

Республика бойынша тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай ағымды кезеңде тұрақты деп сипатталады. Бақылау деңгейінің негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар, жалпы науқастанудан 70 % құрайды.

Республикалық барлық өңірлерде  тұмау вирусының айналуы анықталған, зертханалық  дәлелденген 270 жағдай тіркелген.

Болжамдалғандай кезең басында республика аумағында А (H1N1), А (H3N2) және В тұмау вирустары айналымда.

Қазақстан Республикасы аумағында өткен жылдардағыдай тұмау емес инфекциялар, және де паратұмау, респираторлық-синциттық инфекция риновирустық және аденовирустық инфекция айналымда.

Тұмаудың тиімді алдын алу амалы вакциналау. Жалпы республика бойынша тұмауға қарсы 1 млн. 700 адам (жалпы халықтың 10,0%) егілген, оның ішінде жергілікті бюджеттен егілгендер 1089139 адам (өкпе, жүрек-тамыр ауруларымен, иммундық жетіспеушілік, әлсіреген және үнемі аурушаң балалар, медициналық қызметкерлер және жүкті әйелдер), жұмыс берушілер есебінен 500 адам, ақылы клиникаларда 135 мың адам егілген.

Вакциналардан басқа тұмаудан  тағы бір тәсілі бар ол- тән емес алдын алу. Тән емес алдын алу ағзаның  қорғаныс күштерін нығайтуға бағытталған және вакциналаумен қатарлас өткізіледі. Тән емес қорғану ретінде иммундық түзеткін дәрі-дәрмектер  қолданылады (анаферон, интерферон,виферон, индуктор интерфероны), вирусқа қарсы жақпалар (оксалин, антивир және т.б.), полидәрумендер.

Алдын алу амалдарының бірі науқастанған адамдармен байланысты шектеу, адамдар көп жиналатын жерлерге жоламау,кезең бойынша киіну.

Адамдар көп жиналатын жерлерде, науқас адамды күткенде, сау және науқастанған адам медициналық маска тағу ұсынылған.

Науқас адам үйде болғанда оны оқшалауды қамтамасыз ету керек, үнемі бөлмені желдетіп отыру және ылғалды тазалау жүргізу,  науқастанған адамға жеке ыдыс беру және оны үнемі өңдеп отыру қажет. Тұмаудың алдын алу амалдарының тағы бірі,  әсіресе науқастану кезеңінде немесе науқас адамды күткенде қолды үнемі сабынды пайдалану  арқылы жуу және  дезинфекциялық сулықтар пайдалану қажет. Арнайы бақылаулар көрсеткендей , қолдар күніне 300 рет мұрыннан, көзден, сілекеймен шығатын сұйықтықтармен байланыста  болады.

Алдын алуда иммунитетті жоғарлататын  қол жетімді амалдарды ұмытпаған жөн (табиғи фитоцидтер, пияз және сарымсақ, суды мол ішу, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпалары, С дәрумені бар өнімдер, және де ашытқан қырыққабат, цитрус тектестер, ақуызға бай өнімдер пайдалану).

Ағзаны шынықтыру қажет:  суық сумен тамақты шаюдан бастап, ыстық, суық сумен душ пайдалануға дейін.

Тұмау асқынуымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың алғашқы белгілері болғаннан бастап өз-өзіңді емдеумен айналысуға болмайды, тез арада дәрігерге қарану қажет.

 

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы  Т. Ишанова

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4903382
4436

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.