Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 02.02.2016 ж. Аудан әкімі Н.М.Күлжан аудан жұртшылығы алдында қорытынды есептік кездесуін өткізді.

 

43908.jpg

Аудан орталығындағы С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Н.М.Күлжан аудан жұртшылығы алдында қорытынды есептік кездесуін өткізді.

Қаңтар айының 14 бастап аудан әкімі Баянауыл өңірінің әр ауылдық округінде болып, елді мекен тұрғындарын аймақтың даму бағдарымен таныстырып, тұрғындардың сауалдарына жауап берген болатын. Жиынға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кемерұлы Әшімбетов қатысты.

Есептік кездесуде салалар бойынша Баянауыл өңірінің тынысын бейнелеген арнайы дайындалған бейнекөрсетілім көпшілік назарына ұсынылды. Алқалы отырыста 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын және келер жылға арналған міндеттерді саралаған аудан әкімі биыл да жетістіктердің еселенетіндігіне сенім білдірді.

Аталмыш жиында аудан тұрғыны С.Оразалин өзі тұратын үйдің апатты жағдайда тұрғанын айтып, көмек сұрады. Сауалға Н.Күлжан аталмыш үйдің жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, мәселені оңтайлы шешудің жолдарын қарастыратынын жеткізіп, жеке қабылдауына шақырды.

Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Мұрат Рахметов болса жылдың басынан басталған атаулы күндердің маңызына тоқталды. Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысының бес институционалдық реформасы мен оны іске асыруға бағытталған 100 нақты қадам, алдағы саяси науқан төңірегінде азаматтық пікірін білдірді. Елбасының бастамаларын құптайтын жеткізді. Жалпы халық болып, ақсақалдар болып, жергілікті әкімдікке ақыл-кеңестерін айтудан аянбайтындарын атап өтті.

Аудан әкімінің жұмысына майқайыңдықтардың пікірін білдірген «Кенші» мәдени-сауық орталығының директоры Анар Кәкімова өткен жылдары көптеген игі істер мен жұмыстардың жүйелі жоспарланғанын айтты. Әсіресе, кенді аймақта орын алған өзекті өзгерістерге ерекше екпін түсірді.

Ауданға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов Кереку өңірі бойынша өткен жылдың жетістіктерін жариялады. Әсіресе, өзі басқарып отырған сала ауыл шаруашылығы, оның ішінде ет өндіруге қатысты мәселені көбірек қозғады. Өз сөзінде ол Баянауылда мал шаруашылығы кең қанат жайған саланың бірі екендігіне тоқталып, малды өлкеде ет қабылдайтын арнайы цехтардың жоқтығын атап өтті.

-          Баянауылда ет өңдейтін мекемелер мен цехтар жоқтың қасы. Былтыр облыс бойынша ет өңдейтін 20 цех ашылатын болса, Баянауылда бір-ақ мекеме «Жүн өңдейтін шағын цех» ашылды – деген Н.Кемерұлы бар өнімді ұқсатып өңдеуге қажетті жағдай жасау керектігін ескертті.

Сондай-ақ, облыстан келген өкіл былтырғы жылы бруцеллезге шалдыққан малдардың  өтемақысы жуық уақытта толық төленетіндігін айтты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендірудің жақында қайта жанданатынын, кәсібін дөңгелеткісі келген ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне  биылда төменгі пайызбен несиелер берілетінін, Жасыбай, Біржанкөл, Торайғыр көлдерін тазалау үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатқандығын жеткізді. Жиын соңында облыстық жиналысқа баратын делегаттардың тізімі бекітілді.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4903380
4434

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.