Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 22.06.2016 ж. Мемлекеттік қызметкерлеркүні аталып өтті.

 

DSC_0667.JPGМерекелік басқосуға аудан әкімі Нұрлан Мұқатайұлы, ауданның мемлекеттік қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

Жиналған қауымды аудан әкiмi Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы құттықтады. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметкердің міндеті мен мәртебесіне айрықша тоқталды.

-     «Мемлекеттік қызметкер – халық пен қоғам арасын жалғастырып отырған алтын көпір. Халыққа, жалпы қоғамға сапалы қызмет көрсету - әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы. Жылдар өткен сайын мемлекеттік қызметкерге деген талап жоғары және жүктелетін міндеттің ауқымы да артып келеді. Елдің әлеуметтік жағдайларын одан әрі жақсарта беру үшін мемлекеттік көптеген бағдарламалар да жүзеге асырылуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, қолдан келгенше түсініп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз», – деген болатын. Біз осыны әрдайым есте сақтауымыз керек», – деді аудан әкімі.

Бүгінде ауданда мемлекеттік қызметте абыройлы жұмыс атқарып, адал еңбегімен жас мемлекеттік қызметшілерге үлгі көрсетіп жүрген тәжірибелі мамандар жетерлік. Сонымен қатар, келешегінен зор үміт күттіретін жас мемлекеттік қызметкерлер де өңірді дамытуға өз үлестерін қосуда. Мерекеге орай өткен салтанатты жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері мен қызметтегі жетістіктері үшін бірқатар мемлекеттік қызметкерлер аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Құрмет грамотасымен Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айтмағамбет Әубәкіров, Баянауыл ауданының мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерлан Зікіров, Баянауыл ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Маржан Құсайынова, Торайғыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жаңабай Шәріпов, Баянауыл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ерқанат Ысқақов ие болды. Алғыс хатпен Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Күлбаршын Әбікеева, Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Жібек Досмағанбетова, Күркелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Серік Иманбеков, Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дүйсен Қашарбеков марапатталды.

Жиында мемлекеттік қызмет баспалдағының алғашқы сатыларына қадам басқан жас мемлекеттік қызметкерлер өз қызметін жауапкершілікпен атқаруға, халқына адал қызмет етуге ант берді. Кеш барысында мемлекеттік қызметтің 36 ардагеріне әр саланың дамуына қосқан үлкен үлестері үшін алғыс айтылды.

Бұдан соң мемлекеттік  қызмет  ардагері Сүлейменов Қайрат Зайырұлына жиналған қауымды құттықтау үшін сөз алды. Ол жас мемлекеттік қызметшілерге өз қызметін адал атқарып, алға қарай өрлеуінде қажет болатын ақыл-кеңестерін айтты.

Алқалы отырыс әрі қарай облыс көлемінде мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен интеллектуалдық, мәдени-спорттық шаралардан жүлделі оралған ауданның мемлекеттік қызметкерлеріне марапаттарын табыстау сәтіне ұласты. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаменті ұйымдастырған 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы – мемлекеттік орган имиджі» конкурсы шеңберінде «XXI ғасыр көшбасшысы» ойынына аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Әбілдинов Дәулет Жұмабайұлы қатысып, Баянауыл ауданының командасы облыс бойынша ІІІ орынды иеленген болатын. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік мерекесіне орай ұйымдастырылған спорт ойындарының 4 түрінен аудандық және облыстық жарыстарда ауданның мемлекеттік қызметкерлері нәтижелерге қол жеткізді. «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында өткізілген «Мемлекеттік қызмет - Тәуелсіздік кепілі» облыстық театрланған өнер конкурсына жан-жақты дайындықпен өнер көрсете білген ауданның мемлекеттік қызметкерлері құрамасы жүлделі орынға ие болды.

Мереке соңы ауданның мемлекеттік қызметкерлері мен көркемөнерпаздары дайындаған ән шашумен жалғасын тапты.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4886348
619

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.