Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 26.06.2016 ж. Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол

 

20160625_113755.jpgУақыт өткен сайын шоқтығы биік тұлғалардың даңқы да биіктей береді. Сондай тұлғалардың бірі-Шәкен Кенжетайұлы Айманов.   Қазақ кино өнерінің бірегей тумасы, Баянауылдың атақты перзенттерінің бірі Шәкен Кенжетайұлы Аймановты жас ұрпаққа таныту мақсатында биыл Шәкен аға атындағы мектеп-интернатта ІІІ аудандық Шәкен оқулары өтті.

Мектепте Ш.Айманов атындағы мұражай жабдықталды. Шәкен Кенжетайұлының немересі Дина Аймановамен мектепте керемет кездесу болды. Оқушылар Шәкен Айманов туралы сұрақтар қойып, кездесудің соңында кино сардарының өзі шырқаған «Жиырма бес» әнін немересі орындады. Шәкен Аймановтың есімін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында маусымның жиырма бесінші жұлдызында қазақ киносының жарық жұлдызы  Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туған жері-Айманбұлақтағы қыстауға белгі тас қойылды. Тас қоюшы Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының педагогикалық ұжымы. Шараға қатысқан ардагер ұстаз Өзіхан қажы Сағындықұлы мен мектеп-интернат директоры Досмағамбетова Салтанат Сейітжанқызы белгітас лентасын қиды. Өзіхан қажы Шәкен ағамызға, оның әке-шешесіне арнап дұға оқыды. Шараны Ахатов Таңат Қуанұлы арнау өлеңімен бастады. Шараға қатысқандар Айманбұлақтың тұма табиғатын тамашалап, Шәкеннің туған үйінің орнын көріп, бейнежазбаға түсірді. Мектебіміздегі мұражайтанушы  Рахымтаев Ержан Бақтыбайұлы кино саңлағы туралы деректермен бөлісті. Осы игі бастаманы қолға алып,  жүзеге асырған мектеп-интернат директоры  С.С.Досмағамбетоваға, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.М.Қалышбековке, Баянауыл мемлекеттік ұлттық  табиғи  паркінің директоры С.Б.Ахметжановқа, өлкетанушы Алтынбек Жұматұлына және мектебіміздегі мұражай жетекшісі Е.Б.Рахымтаевқа  ұстаздар қауымы дән риза. Шәкен ағамыздың үйінің орнынан мұражайға қою үшін арнайы топырақ алынды. Алдағы уақытта бұл жерге оқушыларды бір күндік саяхатқа әкелу жоспарланып отыр.

 

Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сәкенова Ғалия Тоқбайқызы

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4840293
1117

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.