Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 30.06.2016 ж. Жайдарлы жаз – 2016

 

GGG452.jpgШ.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында   «2016 жылғы жазғы кезеңде балалармен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» аудандық білім бөлімінің 2016 жылғы 31 мамырдағы №289-Н бұйрығына сәйкес 2016 жылғы жазғы кезеңдік балалармен жасөспірімдер демалысын, сауықтырылуын алдын алу мақсатында маусым айының 06-30 аралығында «Тұлпар» сауықтыру лагері сағат 08:30-17:00 дейін жұмыс жасады.

«Тұпар» жазғы  сауықтыру алаңының  мақсаты: «Болашақ  ұрпақтың  қоғамға деген саналы көзқарасын қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтіп  қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, оқушылардың  қарым-қатынасын нығайту».

Міндеттері:

-Балалардың танымдық  ждәне шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына  басшылық жасап,  мүмкіндік туғызу  іскерлігін  арттыру,  жазғы демалыс  күндерін қызықты өтуіне ықпал ету.

-  Мәдени көпшілік шаралар ұйымдастыру,  өз қызығушылығы бойынша  шығармашылықпен  жұмыс істеу  тәсілдерін арттыру.

-  Экологиялық  тәрбие беру,  табиғатты  қорғауға  баулу мақсатында  тарихи  орындарға  қорықтарға саяхат ұйымдастыру;

-  «Дені сау ұрпақ, жарқын болашақ»  бағдарламаны жүзеге асыру, шымыр икемді, дені сау тұлғаны қалыптастыру;

Лагерде балалардың  демалуына  барлық жағдайлар жасалды.  Тәрбиелік мәні зор  іс-шаралар өтті.  1 маусым балаларды қорғау күнінен арналған  «Бала өмірдің гүлі», «Ұлдан-ұлағат, қыздан-инабат»,  «Мемлекеттік рәміздер», «Сырлы әлемге саяхат», , Бұлақ көрсең көзін аш», «Ұмытылмас қызық күндер», «Судан абай болайық, балалар!» «Біз бақытты баламыз», «Таза көл-таза бұлақ», «Астана-бас қала»

Демалушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында «Біз қандаймыз, қандаймыз?», «ХХІ ғасыр жеңімпазы», «Математикалық көкпар», «Ал, кәнекеи ұлдар», «Сен сұлу», «Миллион кімге бұйырады», «Бұлақ көрсең көзін аш», « Ертегілер әлемінде», «Досына сыйлық», «Жаз аруы», «Жүректен-жүрекке»

Денсаулықтарын нығайту мақсатында  түрлі спорттық ойындар, сайыстар, валейбол, шашки, дамино, баскетбол ойындары.  Сонымен қатар  ұлттық ойындар жарысы өтті.

Оқушыларды мәдени мұралармен таныстыру мақсатында, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев  ауылындағы  Мәшһүр атаның  кесенесіне, мұражайына барып, Ескелді бұлағынан шипалы суын ішіп, Бұхар жырау  бабамыздың кесенесіне, мұражайына  бардық,

Торайғыр мұражайына  барып  шығармашылықтарымен  танысып, білімдерін кеңейтіп, көздерімен көріп қайтты.

Сабындыкөл, жасыбай, Торайғыр  көлдеріне саяхатқа шығып, шомылып, ашық аспан аясында  күнге қыздырынып, тамаша табиғат аясында асыр сап ойнап, суретке түсті.

Сонымен қатар  сағат 09.00-13.00  аралығында  «Қарлығаш» бейінді лагері  жұмыс жасады.   Бейінді лагердің мақсаты:  Балалрдың  жазғы демалысының қызықты өтуіне  ықпал еті.  Туған жерін, оның сүюге баулу.  Өз қызығушылықтары бойынша  спортпен,  шығармашылық жұмыспен айналысу. Шымыр, икемді,  дені сау тұлғаның қалыптасуын көздеу.  Лагерде оқушы қызығушылығы бойынша жұмыс жасады. Олар  «Тоғызқұмалақ»  Зарықхан Г,  Волейбол, баскетбол   Сембин Н.Е,  Ырғақ  Айтмаханова К.В, «Қолөнер» Икласов Т.Қ, «Логика» Шаймардан Е « Футбол» Жұматов А.А,  «Асық ату» Сенбин Н.Е,  «Мен патриотпын» Бектурганова Д.Ш, «Жас психолог» Жуматова А.А,  «Жас суретші» Икласов Т.Қ, «Экология және біз» Джанкулова Б.Б, «Интернет және мен» Ибраева Р.Ж, Абдыкаримова С.Т, «Робототехника» Джакитов А.Д. Сонымен қатар лингвистикалық лагерь «Ағылшын тілі» қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері жұмыс жасады.

Сондай-ақ 9-10 сынып оқушыларына бейінді оқыту лагері «ҰБТ-2017» жұмыс жасады. Бұнда қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих пәндері бойынша пән мұғалімдері өткізді.

Қорыта келгенде, жазғы сауықтыру лагерінің, аулалық клубта өткен  сайыс, жарыс байқау, дөңгелек столға қатысқан  оқушыларға мадақтама, арнайы  кішігім сыйлықтар  табыс етілді.  Сонымен қатар әр оқушыға естелік ретінде  барған жерлерін, достарын, қызықты күндерін  естеріне түсіретіне  фото суреттері  берілді.  Әр күніміз сәлемдесі, бір-бірімізге деген  сәттілік тілеумен басталып, қорытынды  есеп тапсырыуымен аяқталып отырды. Лагерь  өз жұмысын  жақсы деңгейде атқарды.

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп – интернатының тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы

 

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4840300
1124

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.