Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 03.07.2016 ж. Маусым айындағы демалысым қызықты өтті

 

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында 6 маусымнан бастап «Тұлпар» жазғы сауықтыру алаңы ашылып, жазғы демалысымыз басталды.

Бірінші күннен бастап  Мәдениет үйінде болған «Балаларды қорғау күніне» арналған ойын-сауық мерекелік іс-шараларға қатысып, лагерімізді жүлделі орындарға ие болып оралдық. Жетекші ұстаздарымыз жоспарланған күнтізбе бойынша әртүрлі спорттық сайыстар, тәрбиелік іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ, «Бала-өмірдің гүлі!», «Біз қандаймыз, қандаймыз», «Ұлдан-ұлағат, қыздан-инабат», «Рәміздерім-Мақтанышым!», «Сырлы әлемге саяхат», «Қымызмұрындық», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Ұмытылмас қызық күндер», «Судан-сақтан!!» «Балғын балалық шақ», «Туған өлкем жайнай бер», «Таза көл-таза бұлақ», «Баянның әрбір тасы сыр шертеді», «Жаз аруы 2016», «Жүректен - жүрекке», «Біз бақытты баламыз», «Кел, ойнайық күлейік», «Ару қала - Астана».

«Спорт біздің досымыз» демекші түрлі спорттық сайыстар, атап айтсақ, веложарыс, көңілді старт, футбол, пионербол, волейбол, үстел тенисі, шахмат, дойбы.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар «Тоғызқұмалақ», «Бес тас», «Орамал тастау», «Қанталапай», «Арқан тартыс» қызыққа толы болды.

Таңертең тұра салып, лагерге барғанша асыға жүгірем.

Аудан орталығында академик Қ.И.Сәтбаев атындағы мемориалды мұражайға барып, атақты жерлесіміздің өмірбаянымен, жұмыстарымен танысып, білімдерімізді кеңейттік. Сабындыкөл, Жасыбай көлдеріне барып, суға шомылып, «Таза көл» акциясын өткізіп, серуендеп қайттық.

Торайғыр ауылындағы  С.Торайғыров атындағы мұражайына барып, шығармашылық жұмыстарымен танысып, пікір кітабына тілегімізді жаздық. Әртүрлі мүсінді тау – тастарын тамашалап, қимылды ойындар ойнадық.

Бұқар-жырау кесенесіне барып, мұражайында болдық.

Жазғы демалысымыз өте қызықты, мазмұнды, әсерлі, есте қаларлықтай өтті. Осындай демалысты  ұйымдастырғаны үшін мектебіміздің директоры С.С.Досмағамбетова, тәрбие ісінің орынбасары Е.М.Саликоваға, тәлімгер А.Жусупбаеваға, әлеуметтік педагог Д.Ш.Бектургановаға, психолог А.А.Жұматоваға және тәрбиешілер мен асхана қызметкерлеріне және автобус жүргізушісі Серік ағайға алғысымды айтқым келеді. Келесі жазды асыға күтемін.

 

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты «Тұлпар» сауықтыру лагерінің демалушысы Калиакпар Камила

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4840355
1179

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.