Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 04.07.2016 ж. Дара тұлға еліне саяхат

 

7d4125.jpgЖаз кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және демалыстың көңілді өткенін әр баланың қызығы мен қуанышы болып қала бермек. Осы бағытта Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің жанындағы «Күншуақ» сауықтыру алаңы өз жұмысын  Семей қаласындағы Жидебай жеріне саяхатқа барумен басталды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың өмірінен  көрініс беретін тарихқа толы мұражайына барды. Мұражайда Абай атамыздың тұрған үйімен танысып, көзайым болды. Үй - дәлізден, ас үйден, қонақжайдан, Абайдың жұмыс бөлмесінен, Ділдәнің, Әйгерім мен Еркежанның отауынан, соғым сүрлейтін шошаладан, лапастан, екі себеттен тұрады. Әр бөлмеге Абайдың өзі Семей өлкетану мұражайына өткізген экспонаттармен қоса, сол үйге тікелей қатысты заттар орналасқан. Ақынның көзі тірісіндегі жиһаз-мүліктер, Ділдә мен Еркежанның жасаулары, саят- құралдары, жиған кітаптары, тоғызқұмалақ тақтасы, ақынның қойын сағаты мен тісқабы, жазу үстелі мен орындықтары, ат әбзелдері, сондай-ақ өзге де тұрмыстық-этнографиялық мемориалдық мұралар қойылған.

Оқушылар мұражайға барып  шығармашылықтарымен танысып, білімдерін кеңейтіп, ерекше әсермен оралды.

Тарихқа толы Семей қаласында тағы да өткен өмірден сыр шертетін махаббат дастанына айналған «Ұлға бұғау, қызға тұсау» болған зар заманда өмір кешіп, тасбауыр, қатал билер үкімімен өлтірілген Еңлік пен Кебек мекен еткен үй тас үңгірімен танысып қайтты.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4844766
2029

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.