Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 04.07.2016 ж. Майқайыңдағы Ораза айт

 

2084912.jpgРамазан айының Қадір түні Майқайың халқы мешітке сыймай қалған себепті Ораза айт намазы мешіт ауласында, ашық аспан астында болып өтті. Арнайы дайындалған орында айт намазы оқылған соң имам мінбарға шығып хұтпа оқып, айтшыл қауымға уағыз айтты. «Міне, біз Пайғамбарымыз Мухаммад с.ғ.с сүннетімен ашық аспан астында айт намазын оқып отырмыз. Аспанымыз расында ашық, еліміз басқа елдердің басына төнген соғыс-сойқан бұлтынан аман», деп -сөз бастаған имам «береке-бірлігіміз мықты болса, Исламға еліміздің барлық есігі айқара ашылады, мынау кентіміз, мынау еліміз тыныштықта біз жете алмаған рухани биіктерге жете алады. Лайым солай болғай!» деп сөзін аяқтады. Сонан соң кент әкімінің  орынбасары Мәлік Кенжеұлына әйелдер қауымы атынан Шолпан Аусағитқызына, намазхандар атынан бұрынғы имам Рахымғали Ниязбекұлына, жас намазхандар атынан Масығапов Нұрланға, мешіт алқа мүшелері атынан Қайырзат Әктайұлына сөз беріліп, олар айтшыл қауыммен тілектерін бөлісті. Құттықтау тілектерден кейін мәз-мейрам қауышқан үлкендер жағы киіз үйде жасалған айт дастарханына бет алса, барлық жиналған сәбилерді намазхан ағаларының дайындаған тәтті балмұздақтарымен (200 дана) ойын алаңдары күтіп тұрды. Мешіт субұрқағы жанында орналастырылған ойын алаңында асыр салған сәбилердің шат-шадыман күлкісі, қаперсіз тірлігі мешіт ауласын сәнге бөледі.

Айт күні о дүниелік болған туыстарын зиярат етем деушілерге кент әкімшілігі дайындаған автобус сағат 09.00-12.00 арасында қызмет етті.

Кентімізде Ораза мерекесін лайықты өткізуге атсалысқан барлық мұсылман бауырларымызға, тәтті-тағамдар дайындаған қарындастарымызға Алла жар болсын!

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4840343
1167

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.