Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 05.07.2016 ж. Әнім сенсің – Астана!

 

SA7029.jpgЖыл сайын еліміздің бас қаласының туған күніне орай жас ұрпақтың патриоттық сезімін дамыту, тәуелсіз  Қазақстанның бас қаласы Астанаға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыру мақсатында республикамыздың түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік салтанаттар аталып өтіледі. Сондай мерекелік шаралардың бірі Баянауыл ауданында да ұйымдастырылды. Шілде айының 1-інде С.Торайғыров атындағы мәдени-сауық  орталығының қолдауымен, Қараащы ауылдық мәдениет үйінің және Көкдомбақ ауылдық клубының ұйымдастыруымен Қаращы ауылында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Астана күніне орай «Әнім сенсің Астана» атты аудандық байқау өтті.

Бесінші рет дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келе жатқан ән додасында ұзын саны 24 қатысушы бақтарын сынады. Көрермен қауым Елорда жайлы асқақ әндерді жеке дауыста және дуэтпен орындауда тамашалады. Жас өнерпаздардың ән шырқау мәнерін әділ қазылар алқасы жіті бақылады. Сахнада өзін өзі ұстауы, киім кию, вокалдық шеберлігін сынға алған қазылар алқасы ортақ шешімге келіп, жүзден жүйрік шыққандарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша «Астана – арман қала» әнін жоғары деңгейде шырқаған Аймауытов ауылдық округінен келген қатысушы Зейнеп Дінислам бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынға Баянауыл ауылдық Диана Қабылқайыр ие болды. Үздіктер легін Сәтбаев ауылдық округінен Рыскүл Шоқтай жалғады. Үшінші орынға жас қатысушылардың бірі Ақсаң ауылдық округінен Әсем Қабиболла иеленді. «Көрермендер көзайымы» номинациясымен Торайғыр ауылдық округінен Дәмет Смағұлова марапатталса, үшқұлындық Халым Алтынбек «Ерекше дауыс иесі» атанды.

Келесі жылы VI «Әнім сенсің – Астана» әндер байқауы Ақсаң ауылдық округінде өтетін болды.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4844746
2009

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.