Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 24.11.2009 ж. Қаражар елді-мекенінде мәдениет ошағы ашылды

 

Ақсан ауылына қарасты Қаражар елді-мекенінде мәдениет ошағы ашылып, тұсаукесер рәсімі өтті.

Үш жүзден астам халқы бар Қаражар тұрғындарына алпыстан астам орынға шақталған клуб еуропалық үлгідегі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Он бір адам жұмыспен қамтылды.

Қаражар ауылының сәнін келтіре түскен, шағын ғана клуб ғимараты орталықта орналасыпты. Клубтың іші-сырты аудандық бюджеттен бөлінген қаражатпен қатар жомарт та атпал азаматтардың демеушілігі арқасында әрленіп, жаңа түрге енген. Күрделі жөндеу кезінде ауыл тұрғындары да бір кісідей көмектескен.

Салтанатты шараны Екібастұз қаласында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауының бас жүлдегері, Ақсан мектебінің мұғалімі Кенжебай Бақытұлы арнаумен ашты.

Ақсан ауылының әкімі Төлеген Смағұлов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Қайрат Сарбасов, аудандық ұйымдастыру кадрлар бөлімінің бастығы Сәуле Қошанова, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Сүлейменов, Жаңажол ауылының әкімі Төлеген Тұмарбекұлы және бірқатар ауыл ақсақалдары сөз алып, мәдениет ошағының ашылуымен құттықтады.

Ауылдық клубтың символикалық кілтін ауыл әкімі Т.Смағұлов клуб меңгерушісі Есен Жүсіпбаевқа салтанатты түрде табыс етті. Содан соң дәстүр бойынша лентасы қиылып, шашу шашылды.

Жұртшылық клуб ішіне кіріп, аудан және Ақсан, Қаражар ауылдары өнерпаздарының өнерлерін тамашалады.

Енді ғана бой түзеген клуб әлі-ақ  мәдени-рухани дәстүрі терең, озық ойдың, өрісті өнердің ордасы атанарына сеніміміз кәміл.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865500
641

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.