Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 03.12.2009 ж. Жүсіпбек Аймауытовтың дүниеге келгеніне биыл 120 жыл

 

Қазақтың асыл азаматы, классик жазушысы, қара қылды қақ жарған, қара сөздің хас шебері Жүсіпбек Аймауытовтың дүниеге келгеніне биыл 120 жыл толып отыр. Осыған орай Ұлы даланың ұлылығын ұлықтаған, ұлтын сүйетін Жүсіпбек Аймауытовтың 120 жылдығына арналған іс-шаралар өз деңгейінде өтіп жатыр.

Жуырда алаштың ардақты азаматына арналған аудандық «VI Ж.Аймауытов оқулары» өтті.

Жастарды рухани-ізгілікті жолға бағыттауда Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын зерттеу, зерделеу, адами құндылықтарды насихаттау, ұлттық тұтастықты нығайту жолында қалдырған шығармаларын дәріптеу мақсатында өткен шараны Жуантөбе ауылының Ж.Аймауытов атындағы жалпы білім береу мектебі ұйымдастырды. Аталмыш оқуға ауылдық мектептердің оқушыларымен қатар көршілес Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының оқушылары да белсене қатысты.

Жазушы мерейтойына аталған мектеп ұжымының жақсы дайындалғаны байқалады. Әсіресе, мектеп ішін аралап жүргенде бір көңіл қуантарлығы  Жүсіпбектің өмірі мен шығармашылығына арналған мұрағаттық фото-суреттері, құнды жәдігерлері мазмұндылығымен көз тартады.

Оқу жұмыстары басталмас бұрын аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Имаш Нұрғожина, ауыл әкімі Руслан Мұқашев, мектеп директоры Дүйсенбек Төлеутаевтар оқушыларға сәттілік тілей отыра, рухани әлемнің  сан қырлы сырларына жеткен ғұлама жазушының халқы үшін қажымай еңбек етіп, ақ жолдан айнымай өткендігін елдік сананы нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіне кеңінен пайдалану керектігін тілге тиек етті.

Содан соң, секция жұмыстары «Өлең деген тумайды жайшылықта» атты жыр мүшайрасы, «Поэзия - әдебиеттің биік шыңы» атты Ж.Аймауытов шығармаларын мәнерлер оқу, «Жүсіпбектің даналығы мен оның рухы әрбір жүрекке ұяласын» ой толғау, эссе, мақала жазу, «Өнерлінің қолы алтын» жазушы шығармаларының желісін қылқаламмен суреттеу, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақ-жауап бөлімдері арқылы өрбіді.

Аталған тақырыптар бойынша шын жүйрік деген оқушылар жарысқа түсті. Өлең өлкесіне батыл қадам жасап, шумақтап төгу мен эссе, мақала, ой толғау жазу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Дегенмен «Оқу, білім - жанған шырақ ойласаң, үйренерсің іздеп көрсең, қоймасаң», - деп жазушы өзі жырлағандай оқушылардың жанған шыраққа деген талпынысы көңіл қуантарлықтай. Өлеңдерінің сөзі кесе, мақала болмаса да шығармаларында терең ой бар…

Секция жұмыстары берілген уақытта аяқталып, «жүзден жүйріктері» анықталды.

Жыр мүшайрасының бас жүлдесі Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Бұхар Маратқа бұйырды. Бірінші орынға Қ.Кемеңгеров атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Мұсабек Сейсенбек, екінші орынға Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы Гүлнар Съез, үшінші орынға Ж.Аймауытов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Ардақ Өсібай ие болды. Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Еламан Әшім мен Егіндібұлақ мектебінің 11 сынып оқушысы Амангелді Егінбай ерекше марапат иегерлері атанды.

Ж.Аймауытов шығармаларын мәнерлер оқудан алдына жан салмаған Лекер мектебінің 8 сынып оқушысы Бектас Кәкімжанов бас жүлдені қанжығалады. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданынан келген 9 сынып оқушысы Райымбек Елубаев бірінші,  Ж.Аймауытов атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Мақпал Өсібаева екінші, Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Аңсар Асқар үшінші орынды иеленді. Майқайың №1 мектебінің 8 сынып оқушысы Марал Айтуған, Ж.Аймауытов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Айнұр Әнес және Зейнеп Дінислам,  Лекер мектебінің 7 сынып оқушысы Мүрсәлім  Думан, Сұлужон мектебінің 5 сынып оқушысы Нұржан Айтмахановтар ерекше марапатқа ие болды.

Ой толғау, эссе, мақала жазу бойынша бас жүлде М.Ж.Көпеев атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Айдана Қуанышеваның еншісіне тиді.  Ж.Аймауытов атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Қапзолла Жансерік бірінші орынды, Қарқаралы ауданынан келген Ерғанат Жанаев екінші орынды, Шөптікөл мектебінің 8 сынып оқушысы Қуаныш Тілейхан үшінші орынды иеленді. Е.Бекмаханов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Айдана Әбдікәрім, Ақсан мектебінің 11 сынып оқушысы Әсем Бейсендер алғыс хатпен марапатталды.

Сұрақ-жауап бөлімдері арқылы анықталған бас жүлде Ж.Аймауытов атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Фариза Мәдияроваға бұйырды. Бірінші орын Ақсан мектебінің 11 сынып оқушысы Айғаным Бұхарбекова, екінші орын Ж.Аймауытов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Бибінұр Әбішева, үшінші орын Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Айнұр Кәденге берілді.

Қылқалам шеберлерінің сайысынан Ж.Аймауытов атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Саягүл Тиштатева бас жүлдені иеленді. Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Айша Ықылас бірінші, Майқайың №1 мектебінің 9 сынып оқушысы Серікбол Шәкірат екінші, Ж.Аймауытов атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Хакім Оқас үшінші орындарды өзара бөлісті. Ж.Аймауытов атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Әдиля Рахметолла, Қарқаралыдан келген Еркебұлан Өмірзақов, Ақсан мектебінің 7 сынып оқушысы Әмірбек Чан алғыс хатқа ие болды.

Жеңімпаздарға әр секцияға бақылап, баға берген әділ қазылар алқасы мадақнамалар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Албырт жастың алға ұмтылған талабына дем беріп отырар осындай шаралар жиі өтіп тұрса дейсің…

Салтанатты кештің шырайын одан әрі театрландырылған қойылымдар, ауыл өнерпаздарының өнері, асқақтата салған әндері келтірді.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865483
624

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.