Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 04.12.2009 ж. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған Қазақстан халқының мәдениеті мен өнерінің он үшінші «Достық. Бірлік.Тәуелсіздік» деп аталатын аудандық фестивалі өтті

 

С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған Қазақстан халқының мәдениеті мен өнерінің он үшінші «Достық. Бірлік.Тәуелсіздік» деп аталатын аудандық фестивалі өтті.

Фестиваль бұдар бұрын әр ауылдық округтерде іріктеу турлары түрінде өткен болатын. Аудандық деңгейде өткен фестивалға іріктеліп келген өнерпаздар мен қолөнер шеберлері қатысты. Қолөнер шеберлерінің көрмесінде әшекей, зергерлік бұйымдар, тұс кигіз, сырмақ, текемет және ағаштан жасалған мүсіндер, жалпы қазақ халқының мәуелі мәдениетінен, терең тарихынан сыр шертетін бұйымдар қойылған.

Концерт шымылдығы оркестрдің орындауындағы Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен ашылды.

Аудандық және ауылдық өнерпаздар өз көрерменіне қайталанбас қуаныш, жүрекке жылы тиер әсем әсер сыйлады. Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешкен халқтар достастығының көрінісін шағын сахналық қойылымдар арқылы да көрсетті. Концерттік бағдарламада терме, толғау, халық әндерімен қатар белгілі компазиторлардың әндері, өзге ұлттың сазды әуендері шырқалып, күй ойналып, мың бұралған бишілердің билері, Еуропаның классикалық шығармалары орындалды.

Соңы халықаралық фестивалдердің лауреаты «Беу, жігіттер» халық ансамблі мен хордың орындауындағы «Қазақ елі» әнімен аяқталды.

Ел мәдениетінің жауһары мен жақұттарын сахналау арқылы мәдениетіміздің еселенуіне еселі үлес қосқып жүрген өнерпаздарға жұртышылық орнынан тұрып қол соғып құрмет көрсетті.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Қ.Сарбасов өнерлерін ортаға салған өнерпаздарға Қазақстан халқының мәдениеті мен өнерінің он үшінші аудандық фестивалінде жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, халықтар арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтып, ұлттық мәдениетті насихаттап, Баянауыл өңірінің мәдени өміріне белсене араласып, дарынды таланттарыңызды таныта білгендері үшін алғыс білдіріп, бірқатар жеке әншілер мен қолөнер шеберлерін, мәдениет ұжымдарын марапаттады.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865503
644

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.