Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 11.12.2009 ж. ТӘУЕЛСІЗДІК ШАҢЫРАҒЫНЫҢ АСТЫНДА

 

Қазақ ұлтының сақталуы, сонау заманнан өзі мекендеген ата жұртында дербес мемлекет ретінде шаңырақ көтеріп, егемен ел ретіндегі өркендеуінің бастауы Тәуелсіздікке келіп тірелетіні анық. Сондықтан да қазақ үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың ұлысы - Тәуелсіздік күні екендігі даусыз.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудандық мәдениет үйінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік шаңырағының астында» атты интеллектуалды ойын өтті. Жастарды партиоттық, ұлттық тәрбиеге тарту, қоғамдағы белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілген ойынға ауылдық және кенттік округтердің командалары қатысты. Білім мен біліктілік сайысына аудан әкімінің орынбасары Б.Тоғжігітова төрағалық өткен бірнеше адамнан тұратын әділ қазылар баға берді.

Интеллектуалды сайыс «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» тақырыбын қара өлеңмен өрнектеу, «Ойлы болсаң, шауып көр» сұрақ-жауап, «Егер де мен...» кез-келген мамандық немесе мемлекеттік лауазымды тұлғаның рөлін атқару, әрі ұтымды жауап беру, «Көрермендермен ойын» командалардың көрермендерге арналған қызықты да тартымды сұрақтарынан тұратын үш бөлім бойынша әр команданың білім деңгейін сарапқа салды.

Оза шауып бәйгенің басын Жаңажол командасы жеңіп алды. Майқайың командасы екінші, Құндыкөл ауылының командасы үшінші орынды иеленді. Лекер ауылының команда мүшесі Еламан Әшім, Қызылтау ауылының команда мүшесі Бақытжан Жүнісов, Баянауыл ауылының команда мүшесі Меруерт Бердалиналар алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен ерекше біліктілік танытқан ойыншыларға ұйымдастыру комитеті арнайы мадақнамалар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865532
673

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.