Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 14.12.2009 ж. Қазақтың азат атанғанына - 18 жыл

 

Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырға қосты. Тәуба, бұған да қол жеткіздік. Қазақтың азат атанғанына, биыл 18 жыл толды. Осы жылдар ішінде елімізде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық, саяси, әлеуметтік тіпті жаһандық мәселелерде оң шешімін тауып, әлемдік өркениетті елдермен бәсекеге қабілетті егемен мемлекет бола алатындығын барлық қырынан айқындап, мойындатты.

Осы ел - еркіндік алып, ұлт- мұратына жеткен Ұлы күнді дүйім жұрт дүбірлетіп атап өтті. Ауданымызда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжіліс C.Торайғыров атындағы аудандық мәдениет үйінде болды. Салтанатты шара басталмас бұрын Әнұран орындалды. Аудан әкімі Қорабай Шәкіров аудан жұртшылығын құттықтап, аудан өмірінің өткені мен бүгініне кеңінен тоқталды. Болашақ жоспарлар да ұмыт қалған жоқ.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Абай Дәулетқалиев, еңбек ардагері Бақыт Әлғожин, З.Ақышев атындағы №3 орта мектебінің оқушысы М.Сушкова, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Дана Нұрбаева, Майқайың №2 орта мектебінің ұстазы Н.Астапинка, Тәуелсіздіктің құрдасы, Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия мектеп-интернатының оқушысы Жандос Қуат жиылған қауымға деген ақжарма тілектерін айтты.

Бірқатар азаматтар ауданымыздың өсіп, өркендеуіне қомақты үлес қосқандары үшін аудан әкімінің алғыс хаттарына ие болды.

Жиын ұлт үшін ұлы күнді ұлықтайтын мерекелік концертке ұласты. Ән мен жыр, нақышты би және әртүрлі өнер сайыстары мереке ажарын аша түсті.

Тарихта орны ерек бұл мерекені тойлау барысында мәдени шаралармен қатар спорттық ойындар да ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы спорт мектебінде мекемелер арасында волейболдан жарыс өткізілді.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865554
695

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.