Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 27.12.2009 ж. Жаңа жыл қарсаңында С.Торайғыров атындағы аудандық мәдениет үйінде «Драма» үйірмесінің жетекшісі Жамбы Мәшімнің режиссерлiгiмен ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» драмасы сахналанды

 

Жаңа жыл қарсаңында С.Торайғыров атындағы аудандық мәдениет үйінде «Драма» үйірмесінің жетекшісі Жамбы Мәшімнің режиссерлiгiмен ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» драмасы сахналанды. Драмалық қойылымды аудан әкімі Қ.Шәкіров те жұртшылықпен бірге тамашалады.

250044.jpgЗал лық толмаса да  бірең-сараң жиылған жұртшылық біруақ серпіліп, нағыз махаббат мейрамына тап болғандай күй кешті. 

Қазақ драматургиясының шоқтығы биік шығармаларының бірі «Сыған серенадасы» Шәмші ағаның басынан өткен оқиғаларға негізделіп жазылған туынды.

Сол күрделі туындыны көзі қарақты көрерменге жеткізу үшін Жамбы Мәшім әртістерді аудандық мекемелердің түрлі саладағы маман иелерінен жинаған.

Кербез жүріс, «сығандық» фон аясында ерек леп, соны серпіліс секілденді. Ешқандай артықшылық жоқ, қарапайым да ғашықтық тақырыбына құрылған сюжет өрісі адамды еріксіз елітіп әкетіп, өзіне тартты. Тартқаны былай тұрсын, оқиғаға араластырып, сомдалған образдар мен шырқалған әндер, биленген билер көрерменге бағытталды, соған арналады.Сол үшін де шынайы, сенімді шыққан. Музыкалық қойылымның сәтті шыққаны соншалық сыған қызы Изольда (Дана Нұрбаева) мен Шамс (Шәмшінің) (Назым Жайбосынов) рөліне қол соқпаған жан қалмады.

Спектакльді  көрдiк. Бiрде қиналып, бiрде мұңайып, бiрде аяп, бiрде жүрегiміз ауырып, бiрде күлiп, бiрде қуандық. Өйткенi, бұл қойылымнан өнер адамының қиналысын байқадық, табиғат берген дарынының талантына бас ұрдық. Көрерменнiң бәрiн осындай әсерге бөлеген не құдiрет? Әрине, бұл өнер құдiретi болар, бәлкiм.

Қазақ сахна мәдениетінің жауһары мен жақұттарын сахналау арқылы ел мәдениетінің еселенуіне еселі үлес қосып жүрген Жамбы апамызға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Қ.Сарбасов аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865471
612

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.