Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 17.01.2010 ж. Майқайың кентіндегі «Кең дала» ауылдық тұтынушылар кооперативі кент орталығынан қасапхана ашты

 

P1250382.jpgҚазақстан Республикасының  Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіруіне дайындық жұмыстар аясында барлық салада сол ұйымның ережелеріне сәйкес жұмыс жүргізу талаптары қойылып жатыр ғой. Өткен жылы осыған байланысты ҚР  «Ветеринария туралы» заңына сәйкес қаулы қабылданған болатын. Онда кейіннен өткізуге арналған  ауыл шаруашылығы жануарларын сою Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу, ветеринариялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетін сою пункттерінде немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарында ғана жүзеге асырылады деп көрсетілген. Бұдан былай ауыл шаруашылығы жануарларын сою тек қана Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін есептік нөмірлері бар (идентификационный код) сою пункттерінде немесе сою алаңдарында және етті қайта өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылатын болады.

Майқайың кентіндегі «Кең дала» ауылдық тұтынушылар кооперативі кент орталығында жаңа қасапхана ашқан болатын. Жуырда сол қасапхананың жұмысымен таныс болдық.

Ауданда ет дайындау және ет өнімдерін қайта өңдеп-өткізу бағыты бойынша кооператив «Аграрлық несиелік  корпорациясы» АҚ-ның «Баянауыл несие серіктестігі» ЖШС-нен 30,0 млн. теңге несие алып, мал сою орнына қажетті қондырғылар мен мұздатылған ет өнімдерін сақтап, өңдейтін құрал жабдықтар сатып алған. Мал союға арналған керекті құрал-жабдықтарын Ресейден, Қытайдан әкелінген.

Бұл қасапхананың күніне 10 ірі қара, 20 ұсақ мал соятын қабілеті бар. Қасапханада қазіргі уақытта 3 адам жұмыс істейді екен. Болашақта 6 адам алуды жоспарлап отыр. Қасапхана заман талабына сай жабдықталған. Ішінде мұздатқыш, мал соятын арнайы орындары бар.  Одан шығарылған ет кенттегі ет өңдейтін цехта іске асырылады. Онда еттен жасалған азықтардың көптеген түрі шығарылатын болды.

«Табыстың» жұмысы табыстыP1250430.jpg

 «Табыс» ЖШС-нің Майқайың нан өндіретін наубайханасына 40 жыл толды. Наубайхана 1969 жылы ашылған.

«Табыс» ЖШС 1997 жылы құрылған. Бүгінде қарамағында 8 дүкен, 4 бұқаралық тамақтану мекемелері, демалыс үй, мейрамхана, наубайхана, тәтті тоқаштар пісіретін цехы бар. Жалпы алғанда осы орындарда екі жүзден астам адам жұмыспен қамтылған.

«Табыстың» наубайханасынан шыққан өнімдерді Павлодар өңірінің көптеген жерлері тұтынады. Себебі нанның қырыққа жуық түрін, ал тәтті тоқаштардың елу атаулы түрлерін өндіретін көрінеді. Осыған байланысты наубайхана қызметкерлерінің бірнешеуі арнайы орындарда сырттай оқуда. Олардың қаражатын да серіктестік көтереді.

Түрлі мерекелік шараларға, жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мектеп оқушыларына қамқорлық көрсетіп, бар шамамызша қол ұшын беріп тұрамыз, дейді «Табыс» ЖШС-нің директоры Гүлнар Тоқпаева.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4925071
1103

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.