Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 21.01.2010 ж. Аудан әкімі Қ.Шәкіров өзінің кезекті есептік кездесуін Бірлік және Торайғыр ауылдық округтерінде жалғастырды.

 

Есептік кездесуге облыс әкімінің бас инспекторы Қайролла Ахажанов және аудандық мекеме басшыларының бірқатары қатысып отырды.

Аудан әкімінің баяндамасынан бұрын ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігі бейне көрініс ретінде көрсетілді.

Есептік кездесуге Бірлік ауылы мен Ақмектеп бөлімшесінен  80-нен астам адам қатысып, көкейлеріндегі қордаланған сұрақтары мен өтініштерін айтты.

Өткен жылы Ақмектеп ауылындағы медициналық пункті «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен.

Жұмыссыздық мәселесі де біршама азайып, 5 адам тұрақты, 13 адам маусымдық, 4 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. Округ бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын – 3, балаларға арналған жәрдемақыны – 6 отбасы алады. Сондай-ақ аз қамтамасыз етілген отбасыларға  жәрдем жасалып, қомақты көмек көрсетіліп тұрады.

Тұрғындар  сауалдарының бірі – Ақмектеп ауылының тұрғындарына телефон желісін қосып беру болды. Бұл сауалға аудандық телекоммуникация бөлімінің бастығы М.Тәжібаев жауап берді. Мәселенің қазіргі спутниктік желі арқылы шешілетіндігін естіп тұрғындар қуанысып қалды.

Ауылға бұрылатын жолды жөндеу, учаскелік инспекторына көлік мәселесін шешу, су құбырын тұрғындарға қолайлы етіп, орталыққа жақындатып, тарту сияқты мәселелер де назардан тыс қалмады.

Торайғыр ауылында өткен есептік кездесуге ауыл орталығы мен Қызылшілік бөлімшесінен 90-нан астам адам қатысты.

Ауылда ауыз су мәселесі оң шешімін тапқан. Жұртшылық көптен бері армандап жүрген телефон байланысына да қол жеткізген. Александровка ауылында кітапхана ашылып, жұмыс істеуде. «Жол картасы» бағдарламасы аясында онда фельдшерлік пункті мен Қызылшілік бастауыш мектебі жанындағы асханасы іске қосылды.

Аудан әкімінің баяндамасынан кейін ауыл тұғындарынан біраз сауалдар түсті. Атап айтсақ, Е. Мұратбекова мал өсруге несие алуға көмектессеңіз деген өтінішін білдірді. Бұл мәселеге аудан әкімі қол ұшын беретіндігін айтты.

Зейнеткер Ш.Жакупова жастарды жұмысқа көптеп тартатын жұмыс орындары болса деген сауал тастады. Халық қолөнерін дамытатын шағын цех ашылса деген өтініші  орынды болды.

Қ.Шәкіров ауыл тұрғындарының қойған сұрақ, өтініштерінің ескерусіз қалмайтындығын айтты.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865569
710

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.