Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 24.01.2010 ж. Аудан әкімі Қорабай Шәкіровтің Майқайың кенті жұртшылығымен есептік кездесуі «Кенші» мәдениет үйінде өтті.

 

 Оған кент тұрғындарынан 180-нен аса адам жиналды. Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер жайында баяндады.

Біздің түсінігімізше, тұрғындар жыл­­дың басты жиналысына үлкен үміт, дайындықпен келетіні байқалды. Бұл осынау жылдық кез­десудің маңызы артып, ешкімді бей-жай қалдырмауға айналғанын айқындайды.

Маңыз­ды мәселелер аз емес. Олардың көбі жылу жүйесіне наразы­лық танытты.

Тұрғындарды мазалаған тағы бір мәселе ол кент орталығында миграциялық бөлімнің жоқтығы. Ол да жуық арада шешімін табатын болды. Кенттің тазалығы үшін күл-қоқыс салатын контейнерлерді көбейту керектігі де айтылды. Ал зейнеткер-ұстаз Гүлзайра Мұқанова көзін емдетуге республикалық емханаларға жолдама алып беруін өтінді. Аудан әкімі облыстық басқармамен келісіп, шешімді жауабын беретіндігін жеткізді.

Шөптікөл ауылдық округі жұртшылығымен аудан әкімінің есептік кездесуі Шөптікөл орта мектебінде өтті. Оған ауыл орталығы мен Сұлужон ауылының тұрғындары қатысты.

Баяндамадан соң жұртшылық аудан әкіміне көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.

Ауыл тұрғыны К.Зиятденов Майкөбе кенішіне баратын жолдың сын көтермейтіндігі, Сұлужон ауылында телефон байланысының жоқтығы, жедел жәрдем көлігінің керектігі жайлы сауал тастады. Аудан әкімі Майкөбе кенішінің жолын жөндеу үшін сметалық құжаттарын дайындап, 1 млн-дай  теңге қаржы бөлуге уәде берді. Телефон байланысының спутниктік антена арқылы орнатылатынын, жедел жәрдем автокөлігінің де шешімін табатындығын айтты.

Тұрғындар  тұрақты мал дәрігері керектігін айтты. Мал дәрігері келесі айдан қалмай ауылдарыңызда тұрақты жұмыс істейтін болады, - деді аудан әкімі. Зейнеткерлікке шығуға құжат жинаушылар аудан орталығына барсақ, жауапты мекеменің бірнеше рет шақырып, әуре-сарсаңға салатындығына наразылық білдірді.

Ауылдың кіре берісіне аялдама керек деген өтінішке, әкім онығ да оң шешімін табатындығын айтты.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4925090
1122

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.