Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 09.02.2010 ж. Ауданның барлық деңгейдегі әкімдерінің 2010 жылғы есептік кездесулері аяқталды

 

Елбасының «Жергілікті атқарушы органдардың жұртшылық алдында есептік кездесулер өткізулері туралы» Жарлығын орындау мақсатында ауданда тиісті жұмыстар жүргізіліп, торкөз кесте және медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді. Жергілікті  «Баянтау», «Баянаула баурайы» газеттері арқылы  әкімдердің  есептік кездесулері мен олардың  тезистері  жарияланды.  Есептік кездесулерді өткізуге дайындық бойынша  арнайы іс-шаралар жоспары дайындалды.  Барлық 40 елді мекенге аудан әкімінің  жұмысы жөніндегі  жазбаша сұрақтар мен өтініштер, ұсыныстар үшін жәшіктер  ілінді.

Есептік кездесудің материалдары аудан әкімінің сайтына орналастырылды.  Аудан әкімінің есептік баяндамасы екі тілде  дайындалды.

Барлық кездесулерде бейне-слайдтар көрсетіліп, аудан бойынша 2009 жылы атқарылған жұмыстар таныстырылды. Аймақтық, аудандық бағдарламалардың орындалуы жайында  ақпараттар берілді.

Кездесу залдарына микрофондар орналастырылып, тұрғындардың сұрақ қоюларына жағдай жасалды.

Тұрғындардан түскен сұрақтар мен ұсыныстарға қарай кездесулерге ауданның  мекеме басшылары, облыстық мекеме басшыларынан сайланған уәкілдер қатыстырылды.

Барлық есептік кездесулер бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.

Есептік кездесулердің өту барысы бойынша облыстық  «Сарыарқа самалы» газеті мен жергілікті ақпарат құралдарында барлығы 34 мақала жазылды.

Ауылдық округтер мен Майқайың кентінің әкімдері қаңтардың 11-18 аралығында жергілікті тұрғындармен 40 есептік кездесу өткізіп, оған 3055 адам қатысты. Онда 148 адам сөз алып, өз ойларын білдірді.

Қаңтардың 20-29 аралығында аудан әкімі барлық ауылдық округтерде болып, 15 кездесу өткізді. Оған 2182 адам қатысып,   83 тұрғын сөз сөйледі.

5 ақпанда аудан әкімінің  «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы арқылы тікелей  сұхбаты берілді.  Онда аудан тұрғындарынан 6 сұрақ түсіп, оларға  тиісті жауаптар берілді.

2 ақпан күні аудандық мәслихаттың кезекті ХХІ сессиясында депутаттар мен мекеме басшылары және ауылдық округтерден келген делегаттар алдында аудан әкімі қорытынды есеп берді.  Бұл кездесуге ауданның әлеуметтік–экономикалық даму туралы арнайы ақпараттық стенд дайындалды.  Оған ауданның барлық салаларының жауапты қызметкерлері ат салысып, үлкен белсенділік көрсетті.

Жалпы барлық есептік кездесу барысында 173 (2009 жылы-191)             сұрақ түсті, оның 89-ы - аудан әкімінің, 74-і-ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында, 10 сұрақ (2009 жылы-34) жәшіктер арқылы түсті. Барлық түскен сұрақтардың 148-не (2009 жылы-131) кездесу барысында жауап берілді.

Түскен сұрақтардың барлығы аудан әкімінің орынбасарларымен, бөлімі басшыларымен бірлесе отырып сарапталып, оның ішінен 25 сұрақ  бақылауға алынды. Осы 25 сұрақты мынадай салаларға бөлуге болады.

Ауыз су мәселесі бойынша түскен сұрақ -5, жол мәселесімен-3, білім саласына-3, денсаулық саласына-1, телефон байланысы бойынша-2, санитарлық абаттандыру және экологиялық жағдай туралы-5, әр түрлі мәселелер бойынша -6 сұрақ (жаңа мектеп-интернаттағы оқу процессі туралы, Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи парк аумағында  туризмді дамыту, Майқайың кентіндегі тұрғын үйлердің жылумен қамтылуын жақсарту және КСК құру мәселесі, учаскелік полиция инспекторын қызмет автокөлігімен қамтамасыз ету, Шонай ауылына дейін автобус маршрутын ұзарту мәселелері).

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865517
658

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.