Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 21.04.2013 ж. Баянауыл ауылы С.Торайғыров атндағы мәдени-сауық орталығында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты аудандық форумы өтті.

 

3323.jpgБаянауыл ауылы С.Торайғыров атндағы мәдени-сауық орталығында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты аудандық форумы өтті.

Бұл ауқымды шарада өз тағдырын тәуелсіз Қазақстан тағдырымен байланыстырған, егеменді еліміз­дің гүлденуіне зор үлестерін қосып келе жатқан азаматтар бас қосты.

Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев стратегиясының жаңа тәуелсіз мемлекет орнатудағы табысын отандастарымыздың тағдыры арқылы көрсету. Жастардың патриоттық сезімін ояту, болашаққа деген сенімін нығайту мақсатында өткен форум өте үлкен деңгейде өтті.

Форумға аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысы және аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындар басшылары, мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жасалған «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты  кітап көрмесін форумға қатысушылар тамашалады. Форум Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының айтылуыменен және «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» деректі фильмін көрсетілуімен басталды.

Форумды аудан әкімі Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов ашып, Қазақстан Республикасының құрылу тарихы мен жеткен жетістіктері жайлы қысқаша тоқталып кетті.

Содан соң ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қоғам қайраткерлеріне сөз берілді. Олар Жуантөбе ауылының тұрғыны, Жуантөбе №167 сайлау учаскесінің төрағасы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Қызылтау бастауыш ұйымының төрағасы Жақсыжан Альжанұлы Альжанов, Ш.Айманов атындағы гимназия мектебінің тарих пәнінің ұстазы, мектеп директорының бейімділік ісі жөніндегі орынбасары Жабай Жанәбілұлы Мұсабаев, V сайланған Баянауыл аудандық мәслихатының депутаты Мансұр Сүлейменұлы Базаров, Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі Абылайхан Серікбайұлы Шомаков.

Олар өздерінің өмірлерін, егеменді еліміздің тағдырымен байланыстыра, ұштастыра отырып, өнегелі өмірдің бейнесін көрсете білді. Спикерлер өздерінің тағдырларын айта отыра: «Біз – бақытты адамдармыз, өйткені біз тәуелсіз, өскелең, жан-жақты дамып келе жатқан Қазақстанда өмір сүреміз», - деді.

Шараның салтанатты сәтіндеаудан әкімі форумға қатысушы спикерлерге алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы қатарына және «Жас Отан» Жастар қанатына жастарды мүшелікке қабылдау рәсімі өтіп, «Айбын» тобының орындауындағы «Қазақ елі» әнімен форум өз мәресіне жетті.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865473
614

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.