Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 07.05.2013 ж. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында аудан әкімі Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов соғыс және тыл ардагерлерінің үйлерінде болып, оларды ұлы мерекемен құттықтады.

 

Ұлы Жеңістің 68 жылдығы қарсаңында ауданымыздың ардагерлерінің әрқайсысына аудан бюджетінен 75 000 теңге көлемінде материалдық көмек есепшоттарына аударылып, 5000 теңгеге алынған азық-түлікке толы қоржындары мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

 777.jpgАудан басшысы  Ернұр Нұрмұханұлы Баянауыл ауылынан Мусин Мазан, Майқайың кентінен Тоқпаев Жұмабек, Қаратомар ауылдық округі Байтеке бөлімшесінен Бірімжанов Мағаз, Күркелі ауылынан Күмісбеков Сейфолла ақсақалдарға арнайы  барып, қарттарды келе жатқан мейрамдарымен құттықтай отырып, өзінің шын жүрегінен шыққан жылы лебіздерін білдірді.

«Сіздер көптеген қиындықтар мен кедергілерді бастан кешіріп, өзіндік өмірлік жолдардан өттіңіздер. Отанға қауіп бұлты төніп, қиын күндер туғанда, Сіздер қолдарыңызға қару алып, Отанды қорғауға аттандыңыздар. Сіздердің ауыр өмір жолдарыңыз адал құрметтеуге тұрарлықтай. Біз бүгінде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан сол ұлы ерлікті  қадір тұтамыз және есте сақтаймыз. Біз өткеніміз бен Сіздерді мақтан тұтамыз.  Сіздердің үйлеріңізде келісім мен амандық болсын. Сіздерге шын жүректен денсаулық және бақытты ғұмыр тілеймін!», - деді аудан басшысы Ернұр Нұрмұханұлы.

Бұдан басқа «Майкөбен-Вест» АҚ-ның директоры А.Т.Өтегенов Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне сый-сияпаттар көрсетті.

Ардагерлер аудан басшысына шексіз алғыстарын білдірді. Олар өз алғыстарын білдіре отырып, қонақтарға зор денсаулық, табыстар, ашық аспан тіледі.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865502
643

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.