Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 19.05.2013 ж. Өнер мектебінің өрісі кең

 

00021.jpgМайқайың кентіндегі өнер ордасында бүгінгі күні 160-қа  жуық бала тәрбиеленуде. Ұлттық мәдениетті дәріптеп, өнердің кәусар бұлағымен жас жеткіншектерді сусындатып, ұлттық өнерден терең білім беруді мақсат тұтып келе жатқан мектепте жас жеткіншектер домбыра, домра прима, вокал, фортепиано, қолөнер, көркемсурет, бейнелеу және хореография сыныптары бойынша талаптарын ұштауда.

Қазіргі таңда өнерлі балалардың ордасына айналған өнер мектебінде осы бөлімдер бойынша білім мен тәлім-тәрбие алып келе жатқан шәкірттер халықаралық, республикалық, облыстық,  байқауларда топ жарып жүр.

«Бала - балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында»,- деген ғой ұлы педагог Ушинский. Оқушы бойындағы дарындылықты тани білген мектебіміздің ұстаздары шәкірттерін әр түрлі өнер байқауларына жыл сайын қосып келеді. Осы орайда ұстаздардың төккен тері зая кеткен жоқ. Атап айтар болсақ, 2013жылдың 25-28 наурыз аралығында Астана қаласында өткен  YII Халықаралық «Ақ  көгершін»  балалар шығармашылық фестиваль конкурсына Майқайың  балалар өнер мектебінен  біздің  мақтаныштарымыз, кішкентай бүлдіршіндер «Айналайын» кіші топ би ұжымы, халық аспаптар ансамблі бойынша домбыра сыныбының оқушысы Құрманғали Әнуар және фортепиано бөлімінен Шираз Гүльназ қатысты.  Бұл додаға Қазақстанның барлық облыстарынан келген өнерпаз жастармен бірге Өзбекстан, Қырғызстан,  Болгария,  Латвия елдерінен келген жас өрендер де бақтарын сынады. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» дегендей өнер мектебінен білім алатын Қурманғали Әнуар өз тобындағы 66 домбырашылардың ішінде 33 болып сахнаға шықты.  Талай бәйгелерге қатысып,  тәжірибе  жинақтап  қалған ол  Құрманғазының  «Төремұраты»  мен Қ. Ахмедияровтың «Шабытын» шеберлікпен орындап, жүлделі 3-ші орынды иеленді.

Үнемі республикалық, халықаралық, аймақтық, облыстық байқаулармен фестивальдарға қатысып, жеңімпаз болып жүрген «Айналайын» кіші топ би ансамблі  43 би ұжымы арасынан  3-ші жүлделі орынға ие болса, Шираз  Гүлназ  қатысқаны  үшін  алғыс  хатпен  марапатталды.

Сол сияқты 2013 жылдың 16 мамыр айында Павлодар қаласында өткізілген  IX облыстық дельфийлік  ойындарында  ұлттық би номинациясына  «Айналайын» үлкен би тобы 1-ші орынды жеңіп алып, республикалық жастар дельфиилік ойындарына жолдама алды. Домбыра бөлімінен Құрманғали Әнуар 18 домбырашы өнерпаздармен сынға түсіп 2- ші орынды иеленді. Сурет бөлімінің түлегі  Шәкрәт Серікбол 2-ші орынның жеңімпазы атанды. Оқушыларымыз диплом,  алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарды  иеленді.

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865479
620

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.