Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Жаңалықтар
 

<< Артқа | 23.05.2013 ж. Шакрат Дәулетжанұлы Шалбайға 70 жыл!!!

 

0295.jpgӨзiндiк өрелi тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан ауданымыздың шынайы шежіресі – «Баянтау» газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Облыс алдындағы сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған,  «Баянауыл ауданының Құрметті азаматы», СССР және Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Шакрат Дәулетжанұлы Шалбайдың 70 жасқа толуына орай С.Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында «Баянауылдың арда азаматы» атты шығармашылық кеші өтті.

Еңбек жолын 1960 жылы Баянауыл аудандық газетінде корректорлықтан бастап, осындағы журналистік қызметтің барлық сатыларынан өтіп, Бас редакторлыққа дейін жоғарылаған Шакрат Дәулетжанұлы «Баянтау» газетінің дамуына елеулі де, зор үлес қосып келе жатқан азаматтардың бірі.

Бүгін ауданымыздың саяси, экономикалық, әлеуметтiк-мәдени және рухани өмiрiнiң кешегiсi мен бүгiнгi келбетiнiң айнасы, жарқын келешегiнiң жаршысына айналып отырған «Баянтау» газеті өз жұмысын қарқынды атқаруда. «Баянтаудың» сарғайған парақтары сауат ашқан, ілім-білімге ұмтылған, жоқтық пен ашаршылықтың, сұрапыл соғыстың ауыртпалығын бастан кешірген, түрен салып алқаптарды игерген, жайлауды төрт түлік төліне толтырған, тұтастай Баянауыл ауданының тарих бетіне қашалған бар бітім болмысы.

Мерейтойлық кешті     Баянауыл ауданының әкімі – Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы құттықтау сөзімен бастап, облыс әкімінің «Құрмет грамотасын» табыстады. Сол сияқты, өздерінің жүрекжарды игі тілектерімен сөз алған, ағамызы қадір тұтып сыйлайтын аға-інілері, әріптестері де шығармашылық кештің шырайын келтіріп, лебіздерін білдірген  қонақтар  Қазақстан Республикасы мен Кеңес Одағының оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері, жазушы, ұстаз-ақын  З.С.Солтанбаев   және зейнеткер Б.Б.Есманов, М.Д. Рахметов,  Н.Ж.Жәмінов,  Ә.Д. Баймағанбетов, Қ.Ш.Шәкіров, А.Қ.Жортуылов, «Майкөбен-Вест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры А.Т. Өтегенов, Мәслихат хатшысы Т.М.Қасен, «Сарыарқа Самалы»  газетінің Бас редакторы Асыл Әбіш, облыстық аналитикалық ақпараттық орталығының  директорының м.а. Ж.Сманов,  облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің Бас редакторы- В.В.Долгушев, Баянауыл білім бөлімінің басшысы А.Ә.Лекеровтар болды.

Шығармашылық кеш барысында автордың төл шығармаларынан театрландырылған көрініс қойылып, концерттік бағдарламаға ұласты. 

06.03.2008 ж. 5-6 наурыз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 5-6 наурыз күндері Баянауыл ауданының ақпараттық насихаттау топтары селолық округтерге шықты.

08.03.2008 ж. «Қызым саған айтам...»

09.03.2008 ж. 2008 жылдың 7-8, 8-9 наурыз күндері аралығында ұлдар және қыздар арасында «самбо», дзюдо күресінен Павлодар қаласында өткен ашық біріншілігіне

21.03.2008 ж. Құрметті баянауылдықтар!

21.03.2008 ж. 22 наурыз күні қазақ ұлтының салт-дәстүрін, мәдениеттін, әдебиетін, туған жер тарихын насихаттау мақсатында

26.03.2008 ж. «Балауса ән жұлдыздары» атты аудандық эстрадалық жас әншілердің сайысы өтті

30.03.2008 ж. 31 Наурыз күні аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

06.04.2008 ж. 7 сәуір күні аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіндегі көтерілген ең бір өзекті мәселе- бұл дала өртіне қарсы шараларды ұйымдастыру туралы болды.

13.04.2008 ж. 14 сәуір күні аудан әкімінің кезекті кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және аудан мекемелердің басшылары қатынасты.

15.04.2008 ж. Баянауыл ауданының 80 жылдығына арналған жазғы XI аудандық спартакиаданың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және стол теннисінен өткен аумақтық іріктеу ойындары

18.04.2008 ж. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын

20.04.2008 ж. Ауданда санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру барысы туралы

21.04.2008 ж. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысындағы

21.04.2008 ж. Облыстық 17 ші жазғы спартакиада, жазғы бағыттағы жарысы

22.04.2008 ж. Күрделі жөндеуден өткен Баянауыл аудандық пошта байланыс торабының ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті

28.03.2008 ж. Қымбатты жерлестер!

 

4865529
670

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.