Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Президенттің жолдауы
 

<< Артқа | Елбасы Н. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына түсініктемелер

 
Елбасы Үкіметке энерго тиімділіктің кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке энерго тиімділіктің кешенді жоспарын әзірлеп, бекітуді тапсырды.
«Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі энергия шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияға негізделуі тиіс. Бұл шаралар тек ауыл шаруашылығында ғана емес, жалпы халық шаруашылығында атқарылуы керек. Шикізаттық емес секторды дамыту мақсатында Үкіметке энерготиімділіктің кешенді жоспарларын әзірлеп, бекітуді тапсырамын», - деді Елбасы.
 
Қырғызстанға көмек көрсету үшін арнайы мемлекетаралық бағдарлама дайындап, қабылдау керек - Н.Назарбаев
Қырғызстанға көмек көрсету үшін арнайы мемлекетаралық бағдарлама дайындап, қабылдау керек. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Биыл біз Алматыда Ауғанстан мәселесі бойынша арнайы донорлық конференция ұйымдастыруға бастамашы болғалы отырмыз. Бұған дейін мен Каспийдегі тұрақтылыққа байланысты пактіге қол қою идеясын ұсынған болатынмын. Бұл халықаралық құжат Орталық Азия мен Кавказ аумағында тұрақтылықты қамтамасыз етуге негіз қалайды. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық аясындағы қақтығыстарды реттеу бағытындағы жұмыстарын жалғастырады. Біз жаһандық ядролық қауіпсіздік саласында лидер болып қала береміз. Қазақстан БҰҰ-ға ядросыз әлемнің баршаға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынады», - деді Елбасы.
 
Кедейшілік проблемасын жұмсартып қоймай, оны шешу керек – ҚР Президенті
Бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке келесі жылдан бастап жұмыссыздарға ынталандыру жәрдемақыларын төлеуге ауысу туралы тапсырма берді.
«Басты міндет - жәрдемақыға ауыз ашуды тоқтату керек. Жұмыссыз грантты жұмыссыз болғаны үшін немесе тұтыну үшін емес, кәсіп игеруі үшін алуы керек. Кедейшілік проблемасын мемлекеттік жәрдемақының есебінен жұмсартып қоя салмай, оны шешу қажет. Мемлекет шын мәнінде жұмысқа жарамайтын, тұрмысы төмен азаматтарға ғана көмектесетін болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
Мемлекет басшысы Н.Назарбаева БҰҰ-ға ядролық қарусыз әлем жалпы декларациясын қабылдауды ұсынды
«Біз жаһандық ядролық қаіуіпсіздік саласында көшбасшы болып қалудамыз. Қазақстан БҰҰ-ға ядролық қарусыз әлем жалпы декларациясын қабылдауды ұсынды», - деді Президент.
Атап айтқанда, бүгінде әлемдік қоғамдастықта Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласында салмақты бастамаларды көтеріп келеді. Қазақстан әлемде өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан жалғыз мемлекет болып табылады. Сонымен қатар еліміз аумағында Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бүгінде Қазақстанның бұл бағытта бастамалары мен қадамдары әлемде жоғары бағаланып отыр.
 
Биыл бас бостандығынан айыру мекемелерінен 2 мыңға жуық адам босатылады - Н.Назарбаев
Биыл бас бостандығынан айыру мекемелерінен 2 мыңға жуық адам босатылады.
Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Елбасы қоғамға аса қауіп тудырмайтын қылмыстық істер бойынша қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүргізілгенін айта келе, бас бостандығынан айыру, сондай-ақ қамауға алудың балама шараларын қолдану саласы кеңейтілгенін атап өтті.
«Осыған орай ағымдағы жылы жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған 2 мыңға жуық сотталған адам бас бостандығынан айыру орындарынан шығатын болады»,- деп тоқталды Президент.
 
Отандық аграрлық секторда мал шаруашылығын дамытудың теңдесі жоқ жоспары жүзеге асырылады – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы
2020 жылға қарай Қазақстанда аграралық секторда мал шаруашылығын дамытудың теңдесі жоқ жоспары жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Осы уақытқа дейін біз ауыл шаруашылығы үшін көп нәрсе жасадық. Қазіргі кезде біздің егістік алқаптарымыз мол өнім беруде. Енді біз мал шаруашылығы саласына баса көңіл бөлуіміз қажет. 2016 жылы біздің ет экспортымыз 60 мың тоннаға дейін өсетін болады. Бұл 4 млн. тонна астықтың экспортына тең. Мемлекет бұл мақсатқа 130 млрд. теңге несие ресурстарын бөлетін болады. Осының арқасында ауылдық жерлерде 20 мыңннан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туып, 100 мың ауылдық азаматтар өздерінің табыс көздерін таба алады», - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.
Осы орайда Елбасы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына тоқталып, мал шаруашылығын дамыту бойынша Үкіметке келесі жылдан мақсатты қаржыландыруға көшуге тапсырды.
 
Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге бірлесіп өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды
Елбасы бүгін Қазақстан халқына арналған Жолдауында Үкімет пен әкімдерге бірлесіп өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
«Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастырады. Үкімет әкімдермен бірлесіп өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірлеп, бекітуі тиіс. Осының барлығы есептеліп, зерделеніп жасалған жоспарлар», - деп қадап айтты Мемлекет басшысы.
«Біз әлі жолдың басындамыз. Егер де біз дәулетті өмір сүргіміз келсе, осы ұсыныс-міндеттерді орындауға тиістіміз», - деді Елбасы.
 
Адамдардың тұрақты жұмыстары болуы керек - Елбасы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Жолдауында «өздері әрекет етіп, тіршілік жасап жатқан» халықты еңбекпен қамту мәселесіне тоқталды.
«Өздерінше әрекет етіп, тіршілік жасап жатқандар» бізде аз емес. Олар да жұмыс істеуде, олардың 30 пайызы - өз шаруашылықтарында мал өсіріп, бау-бақшамен айналысып отырған ұсақ шаруалар. Міне соларға шағын несиелер беруіміз керек, әрине бақылаумен. Микрокредиттік ұйымдар жұмыс істеп жатыр, олардың бастарын біріктіру керек. Тағы бір мәселе, уақытша жұмыс істеп жүрген адамдар тағы бар. Бүгін жұмыс бар да, ертең жоқ. Олар да 30 пайызды құрайды. Міне соларды да еңбекпен қамту керек, бизнес, мемлекет оларды өздеріне тартулары керек. Жаңа индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарға қажетті резервтер - осылар. Бұлар - 30 пайыз. Оларға қолдау көрсету керек. Адамдардың қолын тұрақты жұмысқа жеткізу үшін алғаш рет осындай үлкен жұмысты қолға алып отырмыз»,- дейді Елбасы.
 
Қазақстандықтар 2011 жылды «Бейбітшілік пен жасампаздықтың- 20 жылы» ұранымен өткізеді» - Елбасы
«Қазақстандықтар 2011 жылды «Бейбітшілік пен жасампаздықтың - 20 жылы» ұранымен өткізеді», - деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында.
«Менің Жарлығым бойынша 2011 жыл біздің тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы болып белгіленді. Оған арнайы комиссия да құрылып, жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл - жалпыхалықтық іс. Осыған қарай мен Үкіметке инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтарының және қазақстандықтардың күшін біріктіре отырып, осы шараларды жүзеге асыруға шақырамын. Біздің бағдарлама «Бейбітшілік пен жасампаздықтың - 20 жылы» деп аталады», - деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында бостандық, бірлік, тұрақтылық пен өрлеу сияқты қазақстандық жолдың базалық құндылықтары қалыптасқандығын атап көрсетті.
«Біз бұл бағдарламаны арнайы қарайтын боламыз. Ол қалың көпшілікке жария етіліп, оны іске асыруға бәріміз де күш саламыз деген ойдамын. Біз атқарған істердің барлығын әрбір қазақстандық айқын сезінуі тиіс», - деді Елбасы.
 
Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық векторын күшейтуі тиіс – Елбасы
Ислам конференциясы ұйымына төрағалық Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық векторын күшейтуі тиіс. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Биылғы жылы біз Ислам конференциясы ұйымын басқаратын боламыз. Біз Батыс пен Ислам әлемінің диалогын күшейту бастамасын алға тартамыз», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы биылғы жазда Астанада ШЫҰ-ның мерейтойылық саммиті өтетінін айтып өтті. «ШЫҰ біздің белсенді қатысуымызбен құрылды. Осы орайда біз оның күшеюіне барлық қажетті шараларды атқаруымыз керек», - деп тоқталды Президент. Елбасы бұл тұрғыдағы жұмыстар Қазақстанның аймақтық және жаһандық тұрақтылықты күшейтуге салынған маңызды үлесы болып табылатынын қадап айтты.
 
Елбасы: 2015 жылға дейін қазақстандық санитарлық авиация 16 тікұшаққа ие болады
Президент бұл тапсырманы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жүктеді.
Медициналық кешенді автоклиникалар санын 50 бірлікке жеткізу қажеттігін, әрі олардың өндірісі Қазақстанда жүзеге асуы тиістігін баса айтқан Елбасы: «Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация қажеттілігі үшін кемінде 16 тікұшақ жасауды тапсырамын», - деді.
Сондай-ақ Елбасы жол бойындағы медициналық құтқару бекеттерін құру мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл орайда аталған бекеттерді республикалық маңызды жолдардың қауіпті аймақтарында орналастыру қажеттігін атап өтті. «Төтенше медициналық көмек қызметі көпбейінді ұтқыр, яғни аэроұтқыр қажеттіліктермен жабдықталуы тиіс. Бұл шаралардың мыңдаған азаматтарымыздың өмірін құтқаратынына сенімдімін», - деді ҚР Президенті.
 
Президент «Қазақстан-ЕО: 2020» энергетикалық хартиясын әзірлеуді ұсынды
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы «Қазақстан-ЕО: 2020» энергетикалық хартиясын әзірлеуді ұсынды.
«Біз еуропалық әріптестерімізге көпжақты немесе екіжақты форматта «Қазақстан-ЕО: 2020» энергетикалық хартиясын бірлесе әзірлеп, қабылдауды ұсынамыз», - деді Елбасы.
Президенттің пайымдауынша, бұл өз кезегінде еуропалық нарықтарға энергия ресурстарын тұрақты жеткізудегі кепілдікті және құбыр жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді.
 
ҚР Президенті Үкіметке 2011 жылғы 1 мамырға дейін халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын жасауды тапсырды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке облыс және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын жасауды тапсырды.
Елбасы бұл тапсырманы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берді.
«Біз дағдарысқа қарсы күрес бағытындағы «Жол картасы» бағдарламасының аясында екі жылда тұрғындарды жұмыспен қамтып, елдегі жұмыссыздықты қысқартып, қалалар мен ауылдардағы инфрақұрылымдарды жетілдірдік. Бұл дағдарысқа қарамастан жүзеге асырылған шаралар. Біз қолға алған бағдарламалар тұрғындар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. 600 мың адам жұмыспен қамтылып, 150 мың азамат жаңа мамандық иесі атанды», - деді Президент.
 
Қазақстан Ауғанстан мәселесі бойынша донорлық конференцияны өткізу бастамасын көтеріп отыр - Н. Назарбаев
Қазақстан Ауғанстан мәселесі бойынша донорлық конференцияны өткізу бастамасын көтеріп отыр.
Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біз биылғы жылы Алматыда Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференцияны өткізу бастамасын көтеріп отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бұдан бұрын Каспийдегі тұрақтылық пактісін бекіту идеясын ұсынғанын айтып өтті. «Бұл халықаралық құжат барша Орталық Азия және Кавказ өңірінде тұрақтылықтың берік іргетасын қалайды», - деп түйіндеді Президент.
 
Қазақстан жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға кірісті - Елбасы
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның үдемелі индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылына кірісіп отырғанын, ондағы басты мәселе - әлеуметтік жаңару мәселесі екенін атап көрсетті. Олар білім беру, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту мәселелері.
Елбасы Үкіметке 1 мамырға дейін халықты еңбекпен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты түрлендіру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды. Мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясаты бірінші кезекте халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады.
Елбасының айтуынша, ең алдымен барлық кәсіптік мектептер жаңартылады, олардың жарақталу деңгейі мамандарды дайындаудың халықаралық стандарттарына сай болуы керек.
Кәсіптік техникалық кадрларды дайындау ісі бизнестің белсенді атсалысуымен жүзеге аспақ.
 
Тәуелсіздік жылдары бала туу көрсеткіші 25 пайызға артты - Елбасы
«Біз аурулардың алдын алу мәселесімен терең айналысуымыз керек», - деп атап көрсетті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Жолдауында.
Елбасы өз сөзінде сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары елімізде бала туу көрсеткіші 25 өсіп, адам өлімі - 11 пайызға төмендегенін атап көрсетті.
«Профилактикалық жұмыстар сауатты жүргізілген кезде ғана аурулардың алдын ала аламыз», -деп атап көрсеткен Елбасы, 2013 жылға қарай Қазақстанға Денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесі енгізілгелі отырғанын жеткізді.
 
Н.Назарбаев ғылыми кеңестердің жұмысын сынға алды: биылдан бастап олардың жұмыстары тоқтатылады
Сонымен қатар Президент жоғары білім беру мәселесіне тоқтала келе, әлемдік тәжірибелерге де мән берді. «Дамыған елдерде 1 млн. халыққа 1-6 жоғары оқу орнынан келеді. Ал Қазақстанда 149 университет бар. 200 ғылыми кеңес ғылым докторларын даярлауда. Мұнымен қоймай, ғылымға 60 кандидаттың тек бірі ғана, ал 37 ғылым докторының бірі ғана барады екен. Мұның қажеті не? Сондықтан да биылдан бастап мұндай ғылыми кеңестердің жұмысын тоқтауымыз керек»,- деді Елбасы.
 
2017 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80 пайызға жетуі тиіс - Елбасы
2017 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазастандықтардың саны кем дегенде 80 пайызға жетуі тиіс. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.
"Қазіргі таңда мемлекеттік тілді еркін меңгерген халықтың ішінде ересек адамдардың саны басым көпшілікті құрайды. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің орасан зор жетістігі. Оны айтып отырғаным 1991 жылы, тәуелсіздік жариялаған кезде Қазақстандағы қазақ халқының саны қанша еді? Халықтың жартысынан кем еді. Өз тілінен айырлып қала жаздаған, ана тілін білмейтін қазақтардың саны қанша еді? Мінеки осы жылдардың ішінде істеген шаруамыздың арқасында біздің санымыз халықтың 70 пайызына жақындап қалды. Бұл шынында да үлкен табыс. Енді алдымызда мынадай міндет тұр: 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80 пайызға, ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95 пайызға жетуі тиіс. Енді 10 жылдан кейін мектеп бітіруші түлектер 100 пайыз мемлекеттік тілді білетін болады. Және біз бұл үшін бәрін жасап жатырмыз", - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы қазақстандықтар мемлекеттік тіл - қазақ тілін шын құрметпен меңгере бастағанын атап көрсетті.
«Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы жақындап келе жатыр ғой. Барлық халыққа түсіндіруіміз керек. Мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде, басқа жерлерде, барлық орындарда үлкен қарқынмен ана тілімізге көшуіміз қажет», - деді Елбасы.
Сонымен қатар орыс және елімізді мекен еткен басқа ұлт тілдерін де дамытуға назар аударылатынын баса айтқан Н. Назарбаев: «Қазіргі заманда қазақстандықтар үшін үш тілді меңгеру басты міндет екенін әрқашан да айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халық үлесі кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін», - деді.
 
2014 жылға дейін елімізде тағы 290 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда - Н. Назарбаев
2014 жылға дейін елімізде жалпы сомасы 8 трлн. теңгені құрайтын 290 инвестициялық жоба іске асырылып, 161 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.
Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 152 кәсіпорынның ашылғанын, 24 мыңдай қазақстандық азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілгенін айтқан Президент: «2014 жылға дейін біз сомасы 8,1 трлн. теңге құрайтын 294 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. 161 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, 207 мың жұмыс орны құрылыс мерзімі кезінде ашылатын болады. Елімізді индустриялық дамытудың бірінші бесжылдықтың қорытындысы бұл - экономиканың нақты секторының есебінен экономикалық өсудегі құрылымдық өзгерістердің басталуы», - деп атап көрсетті.
 
Халқы өзара келісімде өмір сүріп жатқан мемлекетті ғана жарқын болашақ күтіп тұр - Н.Назарбаев
Сарабдал саясат жүргізіліп, халқы өзара келісімде өмір сүріп жатқан мемлекетті ғана жарқын болашақ күтіп тұр.
Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында мәлім етті.
«Биыл біз үшін ерекше қастерлі жыл. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостандық күнге жеткіздік. Бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы алғашқы Жолдауымда мен: «2030 жылы біздің ұрпағымыз әлем таныған елде өмір сүретін болады» деген едім. Сол кезде менің айтқаныма күмән келтіргендер болды, бірақ біз ол жетістікке небәрі 12 жылдың аясында жетіп отырмыз. 56 мемлекет пен халықаралық ұйымдардың басшылары бас қосқан Астана саммиті осының айқын дәлелі», деп атап көрсетті Президент өз сөзінде.
Елбасы сондай-ақ Қазақстанның, шетелдердегі өз қандастарын жинап жатқан әлем елдерінің бірі екенін айтты. Шетелдерден 800 мыңнан астам қандасымыз Қазақстанға оралды және қазақтардың саны 1,5 миллионға артты. «Қол жеткізген тағы бір жетістігіміз жаңа елордамыз - Астананың бой көтеруі», - деді Н.Назарбаев.

Президенттің жолдауы

«БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ»

Елбасы Н. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына түсініктемелер

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы. 11 қараша 2014 жыл

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы. 30 қараша 2015 ж

 

4864534
845

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.