Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Президенттің жолдауы
 

<< Артқа | Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!
Ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан тәуелсіздіктің үшін­ші онжылдығына батыл қадам басты.
Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұ­мысына кірісті.
Өткен 2011 жылы ел эко­номикасы 7,5 пайызға өсті.
Ішкі жалпы өнім жан басына шақ­қанда 11 мың доллардан асты.
Бұрын сатылып кеткен ак­тивтердің бірқатар маңызды бө­лігі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Енді «Богатырь», Қарашы­ғанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRC, «Қазақмыс» ком­па­ния­ларының басым активтері мемлекет иелігінде болады.
Кезінде мен мынадай жағ­дайларға байланысты сатып жа­тыр­мыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едім.
Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялар пакеті Қазақ­станда. Енді өзі­міз барлығына ықпал жасайтын бо­ламыз.
Қазақстан халқы біртұтас, бір­лігі мызғымас кемел елге айналды.
Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қай­шы­лығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз.
Болжанған жаһандық дағда­рыс қау­пі шындыққа айналып келе жатқа­нын көріп отырсыздар.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін.
Біздің міндетіміз – эконо­миканы осы сынаққа дайындау, оны әртарап­тан­дыруды жалғас­тыру болып та­былады.
Біз 2015 жылға қарай табысы жоға­ры елдердің қатарына қо­сылуды көздеп отырған елміз.
Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз.
Құрметті отандастар!
Қазақстан жолының жаңа ке­зеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы тең­ге­рімін табу – өмірлік маңызды нәрсе.
Бүгінгі әлемде бұл – әлеу­мет­тік-эко­номикалық жаңғырту­дың түбе­гейлі мәселесі.
Бұл таяу онжылдықтардағы Қа­­зақ­стан дамуының басты ба­ғыты.
Мен ел халқына өзімнің жаңа Жол­дауымды осы көкейкесті та­қырыпқа арнаймын.
Біз он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиістіміз.
Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.
Менің тапсырмам бойынша Үкі­мет қағидатты түрде жаңа Жұ­мысқа тар­туды қамтамасыз ету­дің бағдарлама­сын бекітті.
Онда үш маңызды міндет қойылған.
Біріншіден, оқыту мен жұ­мыс­қа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.
Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіп­керлікті дамытуға септесу.
Үшіншіден, еңбек ресурс­та­ры­­ның жинақылығы, Қазақ­стан­ның эко­но­ми­калық тұрғыдан белсенді орталық­та­рын­да жұ­мыс­қа орналастыруға ба­сым­дық беру.
2011 жылы бұл Бағдарлама қа­нат­қақ­ты режімде 60 мыңға жуық адам­ның қатысуымен сы­нақтан өтті.
Бүкіл дайындық жұмыстары, заң­на­ма­лық база бойынша жұ­мыс­тар аяқ­талды.
Енді бағдарламаны жүзеге асы­руға көшу керек.
Үкіметке және әкімдерге би­ылғы жылдан бастап бағдарла­ма­ны кең ау­қымда жүзеге асыруды бастауды тапсырамын.
Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамта­масыз ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналас­тыру қа­жет. Бағдарламаның со­ңына қа­рай, 2020 жылға қарасты біз осы­лайша 1,5 миллион адам­ды сапалы жұмыстарға еңбекке орналас­тыруы­мыз қажет.

Президент Жолдауы 2012

Президенттің жолдауы

«БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ»

Елбасы Н. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына түсініктемелер

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы. 11 қараша 2014 жыл

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы. 30 қараша 2015 ж

 

4925072
1104

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.