Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аудан басшылығы
 

<< Артқа | Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы, Баянауыл ауданының әкімі

 

333585.jpgКүлжан Нұрлан Мұқатайұлы 1966 жылдың 16 қарашасында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді.

1991 жылы зооинженер мамандығы бойынша Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітіріп, экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесін, Инновациялық Еуразия университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін иеленді.

Еңбек жолын 1986 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Алексеевка» кеңшарында бөлімше зоотехнигі болып бастап, аталған кеңшарда зоотехник-селекционер, бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1994-1999 жылдар аралығында Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы;

1999 -2001 жылдар аралығында Павлодар облысы жерді пайдалану және су шаруашылығы департаментінің бас маманы;

2001-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің консультанты, аға сарапшысы, бас сарапшысы;

2007 жылдың шілдесінен 2011 жылдың қазан айына дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары;

2011 жылдың қазан айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Павлодар облысы Качир ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.

Павлодар облысы әкімінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 220-р өкімімен Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық және «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.

Үйленген, отбасында үш бала тәрбиелеп отыр.

Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы, Баянауыл ауданының әкімі

Тоғжігітова Бақыт Кенжеқаирқызы, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

Абылғазин Қайыргелді Қасымтайұлы, аудан әкімінің аппарат басшысы

Бельгубаев Абылайхан Абайұлы, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

 

4844797
2060

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.