Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аудан басшылығы
 

<< Артқа | Бельгубаев Абылайхан Абайұлы, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

 

Бельгубаев Абылайхан Абайұлы, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

 

________________.jpgБельгубаев Аблайхан Абайұлы 1977 жылдың 5 маусымында Павлодар облысы Ертіс ауданында Панфилов совхозында дүниеге келген.

Ертіс ауданында Пушкин совхозында Пушкин орта мектебін бітірген. 1994-1998 жылдары Павлодар технологиялық колледжін «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық ісін талдау бойынша экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген. 2000-2003 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында оқып, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша жоғары білімін алды. 2015 жылы Инновациялық Еуразия университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін иеленді.

Еңбек жолын 1992 жылы Ертіс ауданы Пушкин атындағы совхоз №1 бөлімшесінің жұмыскерінен бастап, кейіннен Ертіс ауылының машина трактор шеберханасы ұжымдық кәсіпорынның бухгалтері, Ертіс ауданы бойынша салық комитетінің бас маманы, Баянауыл ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Екібастұз қаласы «Дарат-ПВ» ЖШС атқарушы директоры, ауданның қаржы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2009-2013 жылдар аралығында Баянауыл ауданының Қаржы бөлімі басшысы лауазымында қызмет істеді.

2013 жылғы 02 қыркүйекте Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жалпы жұмыс өтілі – 21 жыл, мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – 14 жыл 4 ай.

Отбасы бар, 2 бала тәрбиелеп өсірген.

Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы, Баянауыл ауданының әкімі

Тоғжігітова Бақыт Кенжеқаирқызы, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

Абылғазин Қайыргелді Қасымтайұлы, аудан әкімінің аппарат басшысы

Бельгубаев Абылайхан Абайұлы, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

 

4864455
766

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.