Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Нормативтік-құқықтық актілер
 

<< Артқа | Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының хаттамасы

 

Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының

    ХАТТАМАСЫ

Баянауыл ауылы                                                           2014 жылғы 04 қараша
аудандық мәдениет үйі                                                      сағат 15:00   

Төрағалық етуші:       Баянауыл ауылдық округінің әкімі  Азат Бақтанұлы Қаниев

Қатысушылар:

-         Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері барлығы-131 адам

КҮН  ТӘРТІБІ:

1. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында Баянауыл ауданынан майданға қатысып ерлік көрсеткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің атымен Баянауыл ауылының көшелерін атау туралы.

Жиналыстың төрағасы:  Құрметті жиналысқа қатысушы қауым!

Алдымызда келе жатқан 2015 жылы 1941-45 жылдары болған сұрапыл соғыстың  аяқталғанына, яғни Ұлы жеңіске 70 жыл толады.

            Осыған байланысты, Баянауылдан майданға аттанып, ерлік көрсеткен  ағаларымыздың  есімін мәңгі есте сақтау және өскелең ұрпақтың жадына  сіңіру біздің парызымыз.

Осыған  орай,  бүгінгі күн тәртібіне жоғарыда аталған мәселені қойып отырмыз:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кімде қандай ұсыныс бар?

Баянауыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсен Қожагелдіұлы Қамашев: Мен де ұсыныс бар.

Жиналыстың төрағасы:  Сөз аудандық  ардагерлер кеңесінің төрағасы  Бейсен Қожагелдіұлы Қамашевке беріледі.

Құрметті жерлестер! Біздің жерлесіміз «Қызыл Ту» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Баязитов Несіпбекке Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларына қарсы өшпестей ерлік көрсеткен үшін Украинаның Изюм қаласының депутаттары 1971 жылы 15 тамызда   қаланың құрметті азаматы атағын берді.

Шет жерде біздің ағамызды құрметтеп жатқанда, өз елінде неге құрметтемеске? Бұл ағамызға қойылған ескерткіш бар ма?

Осымен қатар, Әбілғазин Хамза және Ізбастин Рымтай ағаларымыздың да майданда өшпестей ерлік көрсеткенін айта келе Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында көше аттарына аталған ағаларымыздың есімдерін беру жөніндегі ұсынысын айтты.  

            Жиналыстың төрағасы: Кімде тағы қандай ұсыныс бар?   

Баянауыл аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы майор Мұрат Амангелдіұлы Айғазинов: Менің де ұсынысым бар.

Жиналыстың төрағасы:  Сөз Баянауыл аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы майор Мұрат Амангелдіұлы Айғазиновқа беріледі.

Баянауыл аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Мұрат Амангелдіұлы Айғазинов:

Мен ардагерлер кеңесінің төрағасы  Бейсен Қожагелдіұлы Қамашевтың ұсынысын қолдаймын және жоғарыда аталған ағаларымыз туралы, сіздерге мәлімет берейін.

Осыдан кейін Мұрат Амангелдіұлы Несіпбек Баязитовтің, Хамза Әбілғазиннің және Рымтай Ізбастиннің өмір баяндарыменен жергілікті қоғамдастық мүшелеріне толық мәлімет берді.

Жиналыстың төрағасы:  Құрметті  жерлестер!

Айтылған ұсыныстар бойынша соғыс ардагерлері Несіпбек Баязитовтің, Хамза Әбілғазиннің және Рымтай Ізбастиннің есімдерімен Баянауыл ауылының көшелерін атау үшін дауыс беруге көшейік, дауысты жеке-жеке береміз бе, әлде жалпы дауысқа саламыз ба?

Жергілікті қоғамдастық мүшелері: жалпы дауыс береміз.

Жиналыстың төрағасы: айтылған ұсыныстар бойынша дауыс беріңіздер? Кім жақтайды? 131 адам жақтап дауыс берді.

Жиналыстың төрағасы: Қарсы дауыс бергендер - жоқ, қалыс қалғандар  - жоқ.

Жиналыстың қорытындысы осы хаттамамен бекітіліп төмендегідей шешім қабылданды: Баянауыл ауылының көшелеріне соғыс ардагерлері Несіпбек Баязитовтің, Хамза Әбілғазинің және Рымтай Ізбастинің есімдері берілсін.

Жиналыстың төрағасы: Құрметті жерлестер! Күн тәртібіне қойылған мәселені  талқылау аяқталды, осы жиналысқа келіп қатысқандарыңыз үшін  Сіздерге рахмет,  сау болыңыздар. 

Хаттама

Баянауыл ауданында 2012 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы

Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы

Баянауыл ауданында 2014 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Протокол общественных слушаний

2015 жылға арналған "Нұржол"ЖШС ашық кен орындағы құрылыс тасына "Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары" жобасын қарастыру жөніндегі қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының хаттамасы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығына сайланған адамдардың тізімі

Баянауыл ауданы Майқайың кенті жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының ХАТТАМАСЫ

Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы «5» желтоқсандағы № 354/12 қаулысы

«Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ «Павлодвр облысындағы Майқайың өңдіру фабрикасында техногендік минералды қатпаларына зерттеу жұмыстарын барлау жобасына» қоршаған ортаға әсер еткізу қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР?

Өз мүмкіндігінді жіберіп алма, мүлігінді жария ет.

Үкіметтің 2006 жылғы 06 қарашадағы №1063 Қаулысына орай, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жер телімдерін қысқа мерзімге беру мақсатында үкіметтік комиссия отырысын өткізеді.

Құрметті баянауылдықтар!

«Пневмоударное бурение НПП» ЖШС үшін 2015-2024 жж. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жоспарын келісу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар 2015 жылдың 28.07. 11.00 -де мына мекен-жайда өткізіледі : Баянауыл ауданы, Майқайың к., Ленин к-сі, 33, МКҚК «Кенші» МДО. тел. 8(718-40) 2-20-06.

«Гравелит» ЖШС Үшқұлын ст. алаңы үшін 2015-2024 жж. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жоспарын келісу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар 2015 жылдың 28.07. 11.30 сағатта мына мекен-жайда өткізіледі : Баянауыл ауданы, Майқайың к., Ленин к-сі, 33, МКҚК «Кенші» МДО тел. 8(718-40) 2-20-06.

 

4895614
388

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.