Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Нормативтік-құқықтық актілер
 

<< Артқа | Баянауыл ауданы Майқайың кенті жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының ХАТТАМАСЫ

 

Баянауыл ауданы Майқайың кенті жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының

    ХАТТАМАСЫ

Майқайың кенті                                                      2015 жылғы 22 қантар
«Кенші» мәдениет сауық орталығы                                          сағат 15:00   

Төрағалық етуші:       Майқайың кентінің әкімі  Орда Қайыржанұлы        Ермекбаев

Қатысушылар:

 

-    Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері барлығы-144 адам

КҮН  ТӘРТІБІ:

 Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында  майданға қатысып ерлік көрсеткен Ұлы Отан соғысының батырларымыздың атымен Майқайың кентінің көшелерін атау туралы.

Жиналыстың төрағасы:  Құрметті жиналысқа қатысушы қауым!

Майқайың кенті бойынша бүгінгі күні 36 көше бар. Соның ішінде 28 көше сонау кенес дәуірінің идеологиясына негізіделген орыс тілінде аталынып өзгертілмеген. Алдымызда келе жатқан 2015 жылы 1941- 45 жылдары болған сұрапыл соғыстың  аяқталғанына Ұлы жеңіске 70 жыл толады. Отан ұшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Осы бабаларымыздың алдында ел қорғауда жасаған каһарман ерліктеріне біздің замандастарымыз және болашақ ұрпағымыз  борыштамыз. Ұлы Отан соғысына майданға аттанып, ерлік көрсеткен  батырларымыздың  есімін мәңгі есте сақтау және өскелең ұрпақтың жадына  сіңіру біздің парызымыз. Осыған  орай,  бүгінгі күн тәртібіне жоғарыда аталған мәселені қойып отырмыз:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кімде қандай ұсыныс бар?

Майқайың кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Мұқтар Зәпішұлы Әбенов: Мен де ұсыныс бар.

Жиналыстың төрағасы:  Сөз Майқайың кентінің  ардагерлер кеңесінің төрағасы, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Мұқтар Зәпішұлы Әбеновке беріледі.

Құрметті жерлестер! Алдымызда келе жатқан 2015 жылы 1941- 45 жылдары болған сұрапыл соғыстың  аяқталғанына,  Ұлы жеңіске 70 жыл толады. Осы мерекеге орай кентіміздің көшелерін соғысқа қатысқан батыр

қыздарымыздың Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдагұлова, Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және өзіміздің жерлестеріміз Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының тумасы Бақыт Хайдарұлы Хайдаров, Василий Тимофеевич Христенконың аттарын берейік. Дүниені дүр сілкіндірген сұрапыл соғыста елін, жерін жаудан қорғау үшін қан майданда адам айтқысыз аянышты күн кешіп, жандарын пида етті. Сол сұрапыл сындағы жасаған ерліктері мен қаҺармандықтары ешқашанда ұмытылмайды. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды.

            Осымен қатар, Бауыржан Момышұлы ағамыздың да майданда өшпестей ерлік көрсеткенін айта келе Баянауыл ауданы Майқайың көше атына аталған ағамыздың есімін беру жөніндегі ұсынысын айтты.  

            Жиналыстың төрағасы: Кімде тағы қандай ұсыныс бар?   

Мурзасеитов Амиржан Молдақашұлы, зейнеткер: Менің де ұсынысым бар.

Жиналыстың төрағасы:  Сөз Мурзасеитов Амиржан Молдақашұлына  беріледі.

Майқайың кентінің зейнеткері Мурзасеитов Амиржан Молдақашұлы:

          Мен ардагерлер кеңесінің төрағасы  Мұқтар Зәпішұлы Әбеновтің ұсынысын қолдаймын.

Жоғарыда аталған Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдагұлова, Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова, Бақыт Хайдарұлы Хайдаров, Бауыржан Момышұлы және Василий Тимофеевич  Христенко туралы сіздерге мәлімет берейін.

Осыдан кейін Мурзасеитов Амиржан Молдақашұлы өмір баяндарыменен жергілікті қоғамдастық мүшелеріне толық мәлімет берді.

          Жиналыстың төрағасы: Кімде тағы қандай ұсыныс бар?   

Майқайың кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Қабылбеков Еркін Блялұлы: Менің де ұсынысым бар.

Жиналыстың төрағасы:  Сөз Майқайың кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Қабылбеков Еркін Блялұлы  беріледі.

Майқайың кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Қабылбеков Еркін Блялұлы:

Мен Баянауылдан майданға аттанып, ерлік көрсеткен  әкемнің ағасының  есімін бір көшеге беруін үсынамын. Осыдан кейін Қабылбеков

Әубәкір Ержанұлының өмір баяны туралы жергілікті қоғамдастық мүшелеріне толық мәлімет берді.

 

Жиналыстың төрағасы:  Құрметті  жерлестер!

Айтылған ұсыныстар бойынша қаһарман  Кеңес Одағының Батырлары Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдагұлованың аты кентіміздің 25 жыл Октябр көшесіне, Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың аты Фабричный көшесіне, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының аты Степная көшесіне, жерлесіміз Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының тумасы Бақыт Хайдарұлы Хайдаровтың аты Автомобилист көшесіне, соғыс ардагері Қабылбеков Әубәкір Ержанұлының аты Орджоникидзе көшесіне, Василий Тимофеевич Христенконың аты Пионерский көшесіне атау үшін дауыс беруге көшейік, дауысты жеке-жеке береміз бе, әлде жалпы дауысқа саламыз ба?

Жергілікті қоғамдастық мүшелері: жалпы дауыс береміз.

Жиналыстың төрағасы: айтылған ұсыныстар бойынша дауыс беріңіздер? Кім жақтайды? 144 адам жақтап дауыс берді.

Жиналыстың төрағасы: Қарсы дауыс бергендер - жоқ, қалыс қалғандар  - жоқ.

Жиналыстың қорытындысы осы хаттамамен бекітіліп төмендегідей шешім қабылданды: қаһарман қыздар Кеңес Одағының Батырлары Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдагұлованың аты Майқайың кентінің 25 жыл Октябр көшесіне, Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың аты Фабричный көшесіне, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының аты Степной көшесіне, жерлесіміз Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының тумасы Бақыт Хайдарұлы Хайдаровтың аты Автомобилист көшесіне, соғыс ардагері Қабылбеков Әубәкір Ержанұлының аты Орджоникидзе көшесіне, Василий Тимофеевич Христенконың аты Пионерский көшесіне   берілсін.

Жиналыстың төрағасы: Құрметті жерлестер! Күн тәртібіне қойылған мәселені  талқылау аяқталды, осы жиналысқа келіп қатысқандарыңыз үшін  Сіздерге рахмет,  сау болыңыздар. 

 

Жиналыс төрағасы                                               О.Ермекбаев

 

            Хатшы                                                                    Г.Кенжебекова

Баянауыл ауданында 2012 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы

Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы

Баянауыл ауданында 2014 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Протокол общественных слушаний

2015 жылға арналған "Нұржол"ЖШС ашық кен орындағы құрылыс тасына "Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары" жобасын қарастыру жөніндегі қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының хаттамасы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығына сайланған адамдардың тізімі

Баянауыл ауданы Майқайың кенті жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының ХАТТАМАСЫ

Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы «5» желтоқсандағы № 354/12 қаулысы

«Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ «Павлодвр облысындағы Майқайың өңдіру фабрикасында техногендік минералды қатпаларына зерттеу жұмыстарын барлау жобасына» қоршаған ортаға әсер еткізу қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР?

Өз мүмкіндігінді жіберіп алма, мүлігінді жария ет.

Үкіметтің 2006 жылғы 06 қарашадағы №1063 Қаулысына орай, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жер телімдерін қысқа мерзімге беру мақсатында үкіметтік комиссия отырысын өткізеді.

Құрметті баянауылдықтар!

«Пневмоударное бурение НПП» ЖШС үшін 2015-2024 жж. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жоспарын келісу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар 2015 жылдың 28.07. 11.00 -де мына мекен-жайда өткізіледі : Баянауыл ауданы, Майқайың к., Ленин к-сі, 33, МКҚК «Кенші» МДО. тел. 8(718-40) 2-20-06.

«Гравелит» ЖШС Үшқұлын ст. алаңы үшін 2015-2024 жж. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жоспарын келісу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар 2015 жылдың 28.07. 11.30 сағатта мына мекен-жайда өткізіледі : Баянауыл ауданы, Майқайың к., Ленин к-сі, 33, МКҚК «Кенші» МДО тел. 8(718-40) 2-20-06.

 

4896181
708

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.