Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Нормативтік-құқықтық актілер
 

<< Артқа | Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының ХАТТАМАСЫ

 
Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының ХАТТАМАСЫ Мемлекеттік ұлттық табиғи 2015 жылғы 21 шілде паркі мемлекеттік мекемесі сағат 15:00 Төрағалық етуші: Баянауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Толеубекова Жанар Қуанышқызы Қатысушылар: Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері барлығы - 135 КҮН ТӘРТІБІ: 1. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында Баянауыл ауданыннан майданға қатысып ерлік көрсеткен Ұлы Отан соғысының ардагерінің атымен Баянауыл ауылдық округі Шонай ауылының көшесіне атау туралы. Жиналыстың төрағасы: Құрметті жиналысқа қатысушы қауым! 1941-45 жылдары болған сұрапыл соғыстың аяқталғанына, яғни Ұлы жеңіске 70 жыл толды. Осыған байланысты, Баянауылдан майданға аттанып, ерлік көрсеткен ағаларымыздың есімін мәңгі есте сақтау және өскелең ұрпақтың жадына сіңіру біздің парызымыз. Осыған орай, бүгінгі күн тәртібіне жоғарыда аталған мәселені қойып отырмыз: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кімде қандай ұсыныс бар? Шонай ауылының тұрғыны еңбек ардагері Алтыбаева Алтыншаш: мен де ұсыныс бар. Жиналыстың төрағасы: Сөз Шонай ауылының тұрғыны еңбек ардагері Алтыбаева Алтыншашқа беріледі. Құрметті жерлестер! Біздің жерлесіміз Лесхозда жұмыс жасады, еңбекқор адам болатын, кезінде өзінің жерінің табиғатын қорғауға көп жылдар ат салысқандардың бірі. Тіпті, кезінде егемендігімізді жаңа ғана алып, етек – жеңімізді жия бастаған жылдарда жанын пида етіп, ерлікке лайық батыл іс көрсеткендігі әлі күнге дейін көптің аузында. Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларына қарсы өшпестей ерлік көрсеткен Мәскеуді, Ленинградті жаудан қорғап 9 рет жарақаты болып, еліне оралды. Ұлы Отан сғысына қатысып бірнеше медальдармен, ордендермен марапатталды. Осымен қатар, Нағым Байқошқарұлы Солтаналинның майданада өшпестей ерлік көрсеткенін айта келе Баянауыл ауылдық округі Шонай ауылында көше атына аталған ағамыздың есімін беру жөніндегі ұсынысын айты. Жиналыстың төрағасы: Кімде тағы қандай ұсыныс бар? Шонай ауылының тұрғыны еңбек ардагері Баужанов Сабит: Менің де ұсыныс бар. Жиналыстың төрағасы: Сөз Шонай ауылының тұрғыны еңбек ардагері Баужанов Сабитке беріледі. Мен Алтыбаева Алтыншаштың ұсынысын қолдаймын және Нағым Байқошқарұлы Солтаналин туралы Сіздерге мәлімет берейін. Осыдан кейін Баужанов Сабит, Нағым Байқошқарұлы Солтаналиннің өмір баянменен жергілікті қоғамдастық мүшелеріне толық мәлімет берді. Жиналыстың төрағасы: Құрметті жерлестер! Айтылған ұсыныстар бойынша соғыс ардагері Солтаналин Нағым Байғошқаұлы есімдерімен Шонай ауылының көшесін атау үшін дауыс беруге көшейік, дауысты жеке-жеке береміз-бе, әлде жалпы дауысқа саламыз ба? Жергілікті қоғамдастық мүшелері: жалпы дауы береміз. Жиналыстың төрағасы: айтылған ұсыныстар бойынша дауыс беріңіздер? Кім жақтайды? 135 адам жақтап дауыс берді. Жиналыстың төрағасы: Қарсы дауыс бергендер – жоқ, қалыс қалғандар жоқ. Жиналыстың қорытындысы осы хаттамамен бекітіліп төмендегідей шешім қабылданды: Баянауыл ауылдық округі Шонай ауылының көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері Нағым Байқошқарұлы Солтаналинің есімі берілсін. Жиналыстың төрағасы: Құрметті жерлестер! Күн тәртібіне қойылған мәселені талқылау аяқталды, осы жиналысқа келіп қатысқандарыңыз үшін Сіздерге рахмет, сау болыңыздар. Жиналыстың төрағасы Ж.Толеубекова Жиналыстың хатшысы Н.Смаилов

хаттама

хаттама1

хаттама2

хаттамасы

Баянауыл ауданында 2012 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы

Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы

Баянауыл ауданында 2014 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Протокол общественных слушаний

2015 жылға арналған "Нұржол"ЖШС ашық кен орындағы құрылыс тасына "Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары" жобасын қарастыру жөніндегі қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының хаттамасы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығына сайланған адамдардың тізімі

Баянауыл ауданы Майқайың кенті жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының ХАТТАМАСЫ

Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы «5» желтоқсандағы № 354/12 қаулысы

«Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ «Павлодвр облысындағы Майқайың өңдіру фабрикасында техногендік минералды қатпаларына зерттеу жұмыстарын барлау жобасына» қоршаған ортаға әсер еткізу қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР?

Өз мүмкіндігінді жіберіп алма, мүлігінді жария ет.

Үкіметтің 2006 жылғы 06 қарашадағы №1063 Қаулысына орай, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жер телімдерін қысқа мерзімге беру мақсатында үкіметтік комиссия отырысын өткізеді.

Құрметті баянауылдықтар!

«Пневмоударное бурение НПП» ЖШС үшін 2015-2024 жж. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жоспарын келісу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар 2015 жылдың 28.07. 11.00 -де мына мекен-жайда өткізіледі : Баянауыл ауданы, Майқайың к., Ленин к-сі, 33, МКҚК «Кенші» МДО. тел. 8(718-40) 2-20-06.

«Гравелит» ЖШС Үшқұлын ст. алаңы үшін 2015-2024 жж. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жоспарын келісу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар 2015 жылдың 28.07. 11.30 сағатта мына мекен-жайда өткізіледі : Баянауыл ауданы, Майқайың к., Ленин к-сі, 33, МКҚК «Кенші» МДО тел. 8(718-40) 2-20-06.

 

4895618
392

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.