Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Мемлекеттік қызмет
 

<< Артқа | МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне біржола өтудің құқықтық негізін айқындады.

Мұндай моделді енгізу келесі механизмдердің есебінен қамтамасыз етіледі.

1. Мемлекеттік қызметшілерді ілгерілету төменгі лауазымдарда жұмыс өтілі  болған кезде және ішкі конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады (әңгімелесу арқылы).

Алғашқы кезеңде ішкі конкурс мемлекеттік органның өз қызметшілерінің арасында өткізіледі. Тиісті кандидат болмаған кезде, ішкі конкурстық іріктеу барлық мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіледі. Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландырулар мемлекеттік органның және Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурстарында ғана жарияланатын болады. Ішкі конкурстарда кандидатура анықталмаған жағдайда, жалпы конкурс өткізілуі мүмкін.

2. Мемлекеттік органдардағы  төменгі лауазымдар жалпы  конкурс өткізу арқылы ғана алмастырылатын болады:

біріншіден үміткерлер тесттілеуден өтеді, екіншіден жеке қасиеттері мен негізгі құзіреттерінің болуы бағаланады, үшіншіден мемлекеттік органда бейінді білімі бойынша конкурстық әңгімелесу.

3. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін тұлғаларға тәлімгерлер бекітілумен 3-тен 6 айға дейін сынақ мерзімі орнатылады.

Сынақтан өтпеген жағдайда, қызметші қызметтен босатылады.

4. «Б» корпусының кадр резерві институты таратылды.

2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін мұндай резервке алынған тұлғалар резервте болудың бір жылдық мерзімі аяқталғанға дейін  «Б» корпусының лауазымдарына конкурс өткізбей тағайындала алады.

Бұл ретте мұндай азаматтар оларды қай мемлекеттік органның ұсынысы бойынша резервке алғанына тәуелсіз, тиісті санатқа сәйкес кез-келген мемлекеттік органдағы лауазымға орналаса алады.

5. Ауысу институтын шектеу.

Мансаптық модель мен кең ауқымды конкурстық іріктеу нәтижесінде, сондай-ақ, ауысу тәртібімен тағайындалу институтын бірден жою арқылы мемлекеттік қызметтегі командалық ауыс-түйіс жолдарына барынша тосқауыл қойылды.

Ауысулар рұқсат етіледі:

- көмекші, кеңесші, баспасөз хатшысы лауазымдарына;

- «А» (Президент Әкімшілігі)  және «В» (Премьер-Министр Кеңсесі, Парламент палаталары, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғарғы сот, Конституциялық Кеңес аппараты, Есеп комитеті, Президенттің Іс Басқармасы) санаты топтарына жататын мемлекеттік органдар үшін ғана сақталады.

6. «Б» корпусының басшылық құрамын  ротациялау институты енгізілуде. Ротациялаудың тәртібі мен шарттары Президент Жарлығымен айқындалатын болады. Басқа өңірге ротацияланған кезде, мемлекеттік қызметшілер жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

7. Зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларды  саяси қызметке  қабылдауға шектеу және аяқтау негіздерін қатаңдатуды еңгізу.

Бұл ретте өкілеттік мерзімі Конституция мен заңдарда айқындалған саяси қызметшілерге жас мөлшері бойынша шектеу таралмайды. Өзге жағдайларда, зейнет жасына жеткен тұлғаларды саяси лауазымға тек Президент қана тағайындай алады.

Зейнеткерлік жасқа жеткен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет атқару мерзімі бір жылға ғана ұзартыла алады. Бұл ретте, 2015 жылдың соңына дейін келісім-шарт жасасқан зейнеткерлер, мемлекеттік қызметтегі жұмысын мұндай шарттардың мерзімі аяқталғанға дейін атқаруға құқылы.

"Ең үздік жас мемлекеттік қызметші" конкурсы

"Өзіңнен баста" акциясы

Бос орындар

МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады?

СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы

Әдеп кодексі

 

4896231
758

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.