Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аумақтық мемлекеттік органдар
 

<< Артқа | «Чек талап ет – жүлде ұтып ал»

 

Павлодар облысының аумағында өткізіліп жатқан «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы (бұдан әрі – Акция) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өткізіп жатқан жалпыреспубликалық іс шаралар болып табылады.

Акцияның негізгі мақсаттары: тұрғындардың азаматтық белсенділігін және салық сауаттылығын арттыру, сауда - саттық жасағанда бақылау-кассалық машинаны қолданудың әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін тигізетіндігі жөнінде қоғамның пікірін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының бақылау-касалық машиналарды міндетті түрде қолдану туралы заңнамаларына сәйкес тауарлар сатып алатын, ақылы қызметтерді пайдаланатын тұтынушылардың өз құқығын қорғаудағы құқықтық сауаттылығын арттыру, салық төлеушілердің бақылау-кассалық машиналарды қолдануда салық тәртіптілігін арттыру арқылы бюджетке түсетін салықтар және басқа төлемдердің көлемін арттыру, көлеңкелі экономиканың көлемін төмендету, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікке ынталандыру.

Акцияға тауар, қызмет сатып алғанын дәлелдейтін чектерді акция ұйымдастырушыға акция өтіп жатқан кезеңде тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Бақылау-кассалық машинаның чектерін ұтыс купондарына айырбастау пункттері мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында Жарылгапбердi 12, 1-ші қабатта орналасқан. Бақылау-кассалық машинаның 10 чектеріне бір ұтыс купоны айырбасталады.

Акция үш кезеңде өтеді:

- бірінші кезең қалалар мен аудандар деңгейінде ұтыс купондарының жиналған айынан кейінгі айдың 1 мен 5 күндері аралығында өтеді (яғни ай сайын),

- бірінші кезең қалалар мен аудандар деңгейінде ұтыс купондарының жиналған айынан кейінгі айдың 6 мен 8 күндері аралығында өтеді (яғни ай сайын),

- үшінші кезең республика деңгейінде 2015 жылғы желтоқсанның 9 мен 15 күндері аралығында өтеді.

Акцияның жеңімпаздары ұтыс купонын ашық түрде кез келгенін алып шығу арқылы анықталып оған жүлде табысталады.

Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет ресурсында жарияланады.

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Салық басқармасы хабарлайды

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Баянауыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында» РММ 2015ж. 05.03. бастап бас маманының әкімшілік мемлекеттік бос орын бар, санаты С-R-4;

Мүлікті заңдастыру Акциясы! Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!

«Чек талап ет – жүлде ұтып ал»

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Баянауыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында» РММ 2015 жыл 14 мамырдан бастап бас маманының әкімшілік мемлекеттік бос орынына, санаты C-R-4 конкурсы өтпей қалды.

 

4887616
718

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.