Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аумақтық мемлекеттік органдар
 

<< Артқа | Аса қауіпті жұқпаның алдын алу.

 

85469.jpgӘлем елдерінің байланысының  даму аясында, туризмды жандандыруда жұқпаны әкелу қауіпі жоғары. Бұл республикада  барлық санитарлық- эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ететін  қызметтердің дайын болуын талап етеді. Әлемде жыл сайын карантиндік және аса қауіпті жұқпалар тіркеліп – оба, тырысқақ, сары безгек, «Эбола», «Марбург», «Денге» атты геморрогиялық безгек, бұлардан 20 мыңдай адам көз жұмды. Қазақстанға екі жыл қатарынан бұл экзотикалық ауруды Тайладқа барып келген біздің туристеріміз әкеледі. Сары безгек жыл сайын 30 мың адамды көз жұмдырады. Жыл сайын тырысқақ ауруы әлемнің 30 елінде тіркеліп, жүз мыңдаған адамдарға зиянын келтіреді. Ауғандағы Бадашханда тырысқақ ауруына шалдыққан 1700-дей адам тіркелген. Көрші Қырғызстанда өткен жылы 15 жастағы тұрғын  суырларды аулау кезінде жұқтырған без обасы ауруынан көз жұмды. Қазақстанда аса қауіпті жұқпа ауруларымен ауру бірлі-жарым деңгейде тұр. Бірақ шетел туризімі белсенді болып тұрғанда, жұқпаны әкелу қауіпі сақталуда.

Бұл бағыттағы іс- шаралардың маңыздылығы кейбір аса қауіпті жұқпа қолайсыз болып тұрған елдер- Үндістан, Пәкістан, Түркия, Иран, БАЭ, Монголия, Қытай  келген адамдарды бақылауда ұстау болып тұр. Жыл сайын Қазақстан Республикасында  мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі  емдеу-сауықтыру мекемелерін және  мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық  облыстық   бақылау департаментін, клиника-диагностикалық және бактериялық зертханаларды- жарықпен қамтамасыз ететін диагностикалау және емдеу құралдарымен қамтамасыз етілуін, медициналық қызметкерлердің дайындығын тексереді.

Осыған байланысты емхана , аурухана, басшыларына, жедел жәрдем бекеттерінің қызметкерлеріне семинар-кеңес өтті.

Іс-шара барысында мамандар ҚР МЭМ  2015ж. 25 ақпанындағы №131 бұйрығы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар» және ҚР МЭМ  2015ж. 25 ақпанындағы №136 «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар»  бұйрықтарымен таныстырып, клиникасы, таралу жолдары, жұқпа ошағында санитарлық-эпидемияға қарсы  іс-шаралар, сақтану шаралары және жұқпаның алдын алу туралы айтылды.

Аса қауіпті жұқпаны жұқтырған адамдар болған жағдайда  санитарлық-эпидемияға қарсы  іс-шараларды өткізу және алдын алу , аудан емдеу қызметтерін аса қауіпті жұқпа (оба, тырысқақ, сары безгек, сібір күйдіргісі және т.б) анықталған жағдайда бастапқы іс-шаралар өткізуге дайындығын қолдау бойынша жоспарланған семинар өтті.

Баянауыл аудандық ТҚҚБ басшысы: Т. Ишанова

 

Аса қауіпті жұқпаның алдын алу.

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу

«Тауарды қайтып беру және айырбастау»

КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ.

Аудит бойынша аудан кәсіпкерлеріне ақпарат

Нитратсыз өмір: өз дастарханымызға азық-түлік таңдаймыз

Ботулизм деген не?

ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзгертулер, толықтырулар туралы.

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Дені сау болып өсеміз» акциясының өту аясында назарларыңызға келесілерді ұсынады.

Менингококкты инфекция

Өткір ішек инфекцияларының алдын-алу.

 

4887692
794

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.