Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аумақтық мемлекеттік органдар
 

<< Артқа | Йод тапшылығы ауруларының алдын алу

 

Йодты тиісті мөлшерден аз пайдалану, йод тапшылығының ауруына шалдықтырады (ИТА), ол жиі тараған инфекциялық емес адам ауруы.

Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), Халықаралық йод тапшылығынан болатын бұзылушылықтарға қарсы қеңес (ICCIDD) 1990 жылы йод тапшылығы ауруларын денсаулық сақтаудағы 118 әлем елдерінің  мәселесі ретінде мойындады. Йод тапшылық бар аймақтарында 1570 млн. Астам адамөмір сүреді, яғни әлем халықтарының үштен бір бөлігі йод тапшылығының салдарынан жапа шегуде. Осы элементтердің тапшылығының салдарынан 20 млн. Адам ақыл-ойдың кемістігіне шалдыққан.

Йод ағзаның жұмыс істеуінде таптырмайтын микроэлемент болып табылады.  Сау адамның ағзасында 15-20 мг. йод болады, 70-80 % қалқаша безде жиналады және тиреоидтық гормонының синтезі үшін арнайы компонент ретінде қызмет етеді: трийодтиронин (Т3) және тироксин (Т4). Йодтың тәуліктік қажетті мөлшері 100-200 мкг, адам өмірінде бір шай қасық йод (3-5 г.) қолданады. Ағзаға йодтың жоғарғы қажеттілігі жыныстық жетілу, жүктілік және баланы емізу кездерінде болады.

Теңіз  және мұхиттардан алыс, тау , тау бөктері аймақтарында йодтың  мөлшері  топырақ және суда көбінесе жеткіліксіз  болады. Жергілікті азық-түліктерде йодтың жетіспеушілігі, әсіресе әйелдер мен балаларда кездесетін сөзылмалы эндемиялық жемсау ауруының себебі болу мүмкін.

Ағзада йодтың ұзақ уақыт бойы жетіспеушілігі бір қатар қалқаша бездің йод тапшылық ауруларына шалдықтырады (диффузия және түйінде жемсау, гипатериоз), жүктіліктің соңына дейін жетпеу, перинаталдық өлім, балалардың физикалық және ақыл-ойының кемтарлығы, эндемиялық меңіреулік.

Адамның қалыпты өмір сүруіне қаншалықты йод қажет?

ДДСҰ мәліметі бойынша, ересек адамға  тәуліктегі йод қажеттілігі 150-200 мкг.

Йод қалқаша без гормондарының құрамына кіреді және біздің ағзамыздағы физиологиялық үдеріске аса қажет.

·          Қалыпты түрде қалыптасуға және мидың жұмыс істеуіне;

·          Ақылдың жоғары деңгейде дамуына;

·          Ересек адамның толыққанды өмір сүруіне және ұрпақ жалғастыруына;

·          Жүктілік және босанудың қалыпты өтуіне, іштегі және жаңа туған баланың қалыпты дамуына;

·          Атеросклероз және ағзаның қартайюын баяулатуға, жастық шақты ұзартуға және қартаюды мерзімінен бұрын болдырмау, анық ақыл-ойды және ұзақ жылдар бой жақсы есте сақтау қабілетіне ие болу.

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЙОД ТАПШЫЛЫҒЫ

Қазақстан йоды аз аймақтарға жатады. Қазақстан тамақтану академиясының зерттеу мәліметі бойынша, бала туу жасындағы 52-64% әйелдерде әр түрлі деңгейде йод тапшылығы болады. Бұл сандарға қарағанда, Қазақстан халықтардың жартысынан көбі яғни, әр бір екінші тұрғынның йод тапшылығы ауруына шалдығу кауіпі бар.

 

Йод тапшылығының салдары

Өмір кезеңдері

Әлеуеттік көрсетілуі

Іштегі нәресте

Түсік, өлі туу.

Перинатальдық өлімнің жоғарлауы.

Туа біткен кемістіктер.

Эндемиялық неврологиялық меңіреулік (ақыл-ойлау қабілетінің кемістігі, мыңқаулық, спастикалық диплагия, қылилық).

Эндемиялық микседематоздық меңіреулік (физикалық және ақыл-ойының кемістігі, ергежейлілік).

Қалқаша бездің радиобелсенді сәулелерге  (12-ші аптадан кейін) жоғары сезімталдығы.

Жаңа туған нәресте

Өлімнің жоғарлауы.

Неонатальдық зоб.

Шынайы немесе субклиникалық гипотириоз.

Қалқаша бездің радиобелсенді сәулелерге  жоғары сезімталдығы.

Балалар және жасөспірімдер

Эндемиялық жемсау.

Ювенильдық гипотереоз.

Физикалық және ақыл-ойының кемістігі.

Ұрпақ жалғастыру қызметінің . Қалқаша бездің радиобелсенді сәулелерге  жоғары сезімталдығы.

Ересек адамдар

Жемсау және оның асқынуы.

Гипотиреоз.

Физикалық және интеллектуалды еңбекке қабілетілігі төмендеу.

Йод- индукцияланған гипотериоз.

Қалқаша бездің радиобелсенді сәулелерге  жоғары сезімталдығы.

Бала туу жасындағы әйелдер

Жемсау.

Анемия.

Ұрпақ жаңғырту қызметінің бұзылуы (бедеулік, жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, мерзімінен бұрын босану).

Эндемиялдық меңіреулікпен бала туу қауіпі.

Қалқаша бездің радиобелсенді сәулелерге  жоғары сезімталдығы.

 

Қалқана бездің йод тапшылығы ауруларының алдын алу

Йод тапшылығының алдын алу шаралары келесідей тәсілдермен өткізіледі:

·          Жекеше

·          Топтық

·          Жаппай

Жеке және топтық алдын алу йодид калия дәрі-дәрмегін физиологиялық мөлшерде пайдалану, әсіресе қосымша йод қажеттілігі жоғарлаған кезеңдерде (балалық және жасөспірім жасы, жүктілік, емізу кезеңдері). Жаппай йод тапшылығының алдын алу йодталған ас тұзын пайдалану.

Йод тапшылығының жекеше алдын алуға құрамында йод бар дәрі-дәрмектерді пайдалану,.  Жеке алдын алу шаралары дәргерден кеңес алу және бақылау арқылы жүргізіледі.

Йод тапшылығының топтық алдын алуға йод препаратын тәуекелде тұрған топтар: балалар, жасөспірімдер, жүкті және емізетін, бала туу жасындағы әйелдерге беріледі.

Қазақстанда йод емдік дәрі-дәрмектері медициналық мекемелер арқылы жүкті әйелдерге ақысыз берілетін тізімге енгізілген.

Йод тапшылығының топпен алдын алу йодталған тұз арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, Қазақстанда өндірілген барлық тұздар йодпен байытылған.

Йод тапшылығын жаппай  ұзақ мерзімді және тиімді  алдын алу әдісі йодпен байытылған азық- түліктерді пайдалану. Біз азық-түліктер, ас тұзынан ағзаға қажетті йодты толығымен алмаймыз, бірақ біз оның орнын йодпен байытылған азық-түліктермен толтыра аламыз: теңіз балығы, теңіз өнімдері және йодталған тұз.

Аса қауіпті жұқпаның алдын алу.

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу

«Тауарды қайтып беру және айырбастау»

КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ.

Аудит бойынша аудан кәсіпкерлеріне ақпарат

Нитратсыз өмір: өз дастарханымызға азық-түлік таңдаймыз

Ботулизм деген не?

ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзгертулер, толықтырулар туралы.

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Дені сау болып өсеміз» акциясының өту аясында назарларыңызға келесілерді ұсынады.

Менингококкты инфекция

Өткір ішек инфекцияларының алдын-алу.

 

4887724
826

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.