Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аумақтық мемлекеттік органдар
 

<< Артқа | «Тауарды қайтып беру және айырбастау»

 

Тауарды қайтып беру және айырбастаумен байланысты мәселелер сатып алушылар арасында әлі күнге дейін жиі кездесетін және өзекті мәселе болып тұр. Осындай жағдайда сатып алушылардың құқықтары «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында нақты айтылса да, сатушылардың көбі ақшаны қайтарып беруге немесе тауарды ауыстыруға бас тартады, әр түрлі дәлел айтады. «Тауар қайтарылып алынбайды және ауыстырылмайды» деген ескертпе сауда нүктелерінің көбінде кездеседі. Сауда нүктелері иелерінің бұлары заңға сыйымды ма? Әрине-жоқ. Тауар қай жерде сатылып алынса да, базардан немесе дүкеннен болса да, есіңізде болсын- Сіз үшін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы бар. Егер сапалы тауар өлшемі бойынша келмесе, бұл аяқ киім немесе киім болса, егер ол қолданыста болмаса, өзінің тауарлық түрін, фабрикалық затбелгісін сақтаса және ауыстыруға жатпайтын тауарлар тізімінде болмаса сіз оны осындай жағдайда ауыстыра аласыз.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» Заңы бойынша сатып алушы оның қажеттілігін қанағаттандырмайтын және керекті ерекшеліктері болмаған жағдайда ауыстыра алады. Ауыстырудың міндетті шарты- тауарлық түрінің сақталуы, тұтынушы ерекшеліктері, бітеме немесе затбелгісі, тауарлық немесе касса чегі, немесе сатушының сатып алған тауармен берілген басқа да құжаты. Егер ауыстыру кезінде сатылымда ұқсас тауар болмаған жағдайда, тұтынушы бар тауарлардың ішінен сомасы сәйкес келетін тауарға ауыстыруға болады немесе ақшасын толықтай қайтарып алуға болады.

Заңнама бойынша, тұтынушы тауарды сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде қайтып бере алады. Бірақ, әр бір тауар қайтып берілмейтінін білген жөн. Азық-түлік емес қайтып беруге болмайтын арнайы тауарлар тізімі бар. Олар – алтын, платина және күміс жасалған бұйымдар, шұлық бұйымдары, іш киім, төсек-орын тысы, парфюмериялық-косметикалық тауарлар. Заңнамада, сатып алушы дәрі-дәрмектерді қайтып беруге құқысы жоқ. Әрине, қайтып беруге азық-түліктер жатпайды. Сіздің ойыңызша, тауар сапасыз болса, сапасыздығын дәлелдейтін арнайы сараптама жасату қажет.

Өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеуге қорықпаңыз. Тауарды ауыстыру немесе қайтарып беру әр кезде айғай, жанжалмен болмайды. Жиі жағжайды түсіндіру жеткілікті, сатушы немесе кәсіпкер тауарды қайтарып алып, ақшасын қайтарып береді. Бірақ жағдай басқаша болса, келесідей нұсқа бойынша әрекет етіңіз:

Біріншіден: Наразылықты екі дана бойынша дайындайсыз. Наразылық жазбаша түрде болу керек, міндетті түрде дүкен директры және сіз туралы мәлімет болу қажет. Әрі қарай, сіз наразылығыңызды айтып бересіз, неші, қашан және қайдан сатып алғаныңызды, сатып алынған тауар кейін қандай белгілерімен сізді қанағаттандырмады. Өз қолыңызды қойып және наразылық берген күнін қоясыз.

Ең бастысы- сапасыз тауарды қайтып беру мерзімін кешіктірмеңіз. Дүкенге келіп немесе тауар нүктесі директорының атына өтініш жазыңыз. Егер сізде чек болмаса, куәгерді тауып алуға немесе нақты сатып алған күнін, сағатын айтуға болады. Сонда сатушы тауарды қайта қабылдау және ақшаны қайтып беру керек. Ұмытпаңыз – жетістіктің 90 % - жазбаша наразылықтың сауаттылығында. Егер сізге жағымсыз жауап берсе, ол да жауап. Онымен сіз сотқа барып, өтінішіңізді қабыл алмағаны туралы мәлімдейсіз. Сіздің қолыңызда құжаттық дәлелдеме болады. Сізге сатып алуда сәттілік тілеймін!

Аса қауіпті жұқпаның алдын алу.

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу

«Тауарды қайтып беру және айырбастау»

КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ.

Аудит бойынша аудан кәсіпкерлеріне ақпарат

Нитратсыз өмір: өз дастарханымызға азық-түлік таңдаймыз

Ботулизм деген не?

ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзгертулер, толықтырулар туралы.

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Дені сау болып өсеміз» акциясының өту аясында назарларыңызға келесілерді ұсынады.

Менингококкты инфекция

Өткір ішек инфекцияларының алдын-алу.

 

4904639
5131

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.