Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аумақтық мемлекеттік органдар
 

<< Артқа | КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ.

 

 

Құрметті  жолаушы!

 

Қалалық және қалааралық, халықаралық маршрут көлігінің

(автобустың) жолаушысы мыналарға:

1. Билет ақысын төлеу:

Сіздің билетті сатып алуға және өзіңізбен бірге:

- 7 жасқа дейінгі баланы – тегін (егер ол жеке орынды алмаса);

- 7 жастан бастап 15 жасқа дейінгі балаға билет құнының 50%-ы төленеді.

- 5 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балаға халықаралық тасымалдауда билет құнының 50%-ы төленед.

2. Багаж:

- қалааралық автобустарда салмағы 35 кг-нан аспайтын багажды тегін алып жүруге;

-жүйелі қалалық тасымалдау маршруттарында автобустың (шағын автобустың) салонында көлемі 60х40х20 см жәнес алмағы 20 кг-нан аспайтын қол жүгін, сондай-ақ құндақтағы бір пар шаңғыны, балалар арбасын қосымша төлемсіз алып жүруге;

3. Ақпарат:

1) қалааралық және халықаралық қатынастарда көліктің аялдамалары мен қозғалыс интервалдары туралы, жөнелтілу және келетін жеріне келу уақыты туралы мәліметтер алуға;

2) қалааралық және халықаралық қатынастарда көліктегі бос орындардың бар болуы туралы ақпарат алуға;

3) қалааралық және халықаралық қатынастарда билет және багаж кассаларының жұмыс режимі туралы ақпаратты алуға;

4) қалааралық және халықаралық маршруттарда вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы ақпарат алуға құқылы.

4. Билет құнын қайтарып беру

Жол жүру құжаты (билетi) жоғалған және жолаушы автобус, шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн жол жүру құжатын (билетiн) сатқан адамға немесе тасымалдаушыға барған және жолаушының жол жүру құжатын (билетiн) сатып алғаны расталған жағдайда, билет ақы алмай қалпына келтiрiлуi тиiс.

Жолаушы алынған жол жүру құжатын (билетiн) кассаға автобус немесе шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн қайтарған кезде, оған жол жүру құжатын (билетiн) сатқан адам қайтарылған жол жүру құжатының (билетінің) құнынан 3 пайыздан асырмай шегерiлген жол жүру құжатының (билеттiң) төленген құнын қайтарады. Егер сатып алынған билетті қайтаруды оны сатпаған касса жүзеге асырса, онда

касса қайтарылған жол жүру құжатының (билет) құнының 5 пайызын асырмай

қайтарғаны үшін комиссия алады. Автобусқа және шағын автобусқа кешiккен кезде жол жүру құжаттары

(билеттерi) 3 күннен кешiктiрілмей қайтарылады, бұл ретте жол жүру құжаты (билеті) құнының 70 %-ына тең сома өтеледi. Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастағы маршруттар бойынша жүретiн автобусты және шағын автобусты жөнелту кешiктiрiлген жағдайда, кiдiру немесе кешiгу еңсерілмейтін күштiң салдарынан орын алған жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы жолаушыға кассалар арқылы автобус пен шағын автобусты Автобусты, шағын автобусты жөнелту кешiктiрiлгендiктен жолаушы сапардан бас тартқан жағдайда, жөнелту пунктiнде оған төленген жол жүру құны толық

мөлшерде қайтарылады.

Жолаушыны бару пунктiне жол, климаттық немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептер бойынша жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, жолаушыға сегiз сағат iшiнде сапар тоқтаған пункттен бару пунктiне дейiнгi жол жүру құны қайтарылады. Автобусты, шағын автобусты жөнелту пунктiне қайтарған

кезде жолаушыға жол жүру мен багажды алып жүрудiң толық құны өтеледi. Техникалық себептерге байланысты маршрут автобустың, шағын автобустың және троллейбустың қозғалысы мүмкiн болмаған жағдайда, жолаушыларға сатылған билеттер жарамсыз автобусты, шағын автобусты, троллейбусты ауысты-

ру үшін тасымалдаушы ұсынған автобуста, шағын автобуста, троллейбуста немесе осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында және троллейбусында сапарды жүзеге асыру үшiн жарамды болады.

Тасымалдаушы билетте көрсетiлген автобус пен шағын автобустың орнына  жол жүру құны қымбаттау тұратын басқа автобус пен шағын автобусты ұсынған кезде сапар алынған жол жүру құжаттары (билеттерi) бойынша қосымша ақысыз жүзеге асырылады.

Сіз әуе көлігінің жолаушысыз:

1. Әуе көлігінде (ұшақта) билетке ақы төлеу:

Сіздің билетті сатып алуға және өзіңізбен бірге:

- 2 жасқа дейінгі жастағы баланы (егер жеке орын алмайтын болса, ішкі және халықаралық рейстерде) тегін;

- 2 жастан бастап 15 жасқа дейінгі балаға билет құнының 50%-ын (ішкі рейстерде);

- 2 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балаға билет құнының 50%-ын (халықаралық рейстерде) төлей отырып алып жүруге құқыңыз бар.

2. Багаж

Әуе көлігінде әрбiр багаж орнының салмағы 32 килограмнан және үш өлшеу сомасы бойынша мөлшерi 158 текше сантиметрден аспауы тиiс. Көптеген авиакомпаниялар ресми сайттарда жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызмет шарттарын жариялайды, онда багаждың

салмағы 20 кг-ға дейін шектеледі, бұл әуе кемесінің ұшуы кезінде қауіпсіздікті

сақтау үшін өте тиімді.Қол жүгінде көлемі 100 мл-ден асатын сұйықтықты тасымалдауға тыйым салынады. Егер сыйымдылық 100 мл-ден асатын болса, бірақ ондағы сұйықтық, мысалы 50 мл болса, онда оны бәрібір өткізбейді. Қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріме дау туындамауы үшін сұйықтықты олардың көлемі көрсетілген сұйықтықтарға арналған арнайы контейнерлерге салыңыз. Сұйық заттары бар сыйымдылықтар

мөлдір, жабық пластик қаптамаға қапталуы тиіс. 10 мл-ден барлық сыйымдылықтар 10, яғни кемінде 1 литр болуы мүмкін. Әр жолаушы үшін оның қол жүгінде осын-жөнелтудiң әрбiр кешiктiрiлген сағаты үшiн жол жүру құнының үш пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Бұл ретте айыппұлдың сомасы жолаушы сатып

алған билет құнынан аспайды. Егер автобусты немесе шағын автобусты жөнелту автовокзалдың, автостанцияның немесе жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кінәсінен кешіктірілген жағдайда, жолаушылар алдында автовокзал, автостанция немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жауапты болады.Сұйықтықтары бар қаптама бақылау қызметінде ұсынылады.

3. Ақпарат

Жолаушылар ұшақтың ұшу және қону уақыты, жолаушылардың жол жүру және багажды (жүк багажын) тасымалдау құны туралы қажетті және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

4. Рейс кешіктірілген жағдайда

Авиакомпанияның кiнәсiнен тасымалдауда кiдiрiс болған немесе әуе кемесiнiң кеш келуi салдарынан рейс кешiккен, орындалмаған, тасымалдау маршруты өзгерген кезде авиакомпания жолаушылар үшiн жөнелту пункттерiнде және аралық пункттерде мынадай:

- жетi жасқа дейiнгi балалы жолаушыға ана мен бала бөлмесi ұсынылады (болған кезде);

- рейстiң жөнелтiлуiн екi сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екi телефон қоңырауын шалу, оның iшiнде халықаралық байланыс желiсi бойынша қоңырау шалу немесе электрондық пошта арқылы екi хабарлама жiберу;

- жолаушы рейстiң жөнелтiлуiн екi сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз етіледі;

- рейстiң жөнелтiлуiн 4 сағаттан асса және әрi қарай күткен кезде: күндiзгi уақытта - әрбiр алты сағат сайын; түнгi уақытта - әрбiр сегiз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі;

- рейстiң ұшуын күндiзгi уақытта сегiз сағаттан аса және түнгi уақытта алты сағаттан аса күткен кезде авиакомпания ұсынған қонақ үйге орналастырылады;

- қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда авиакомпания ұсынған көлiкпен әуежайдан қонақ үйге дейiн және керi қарай жеткiзу жүзеге асырылады;

- тасымалдаушының кiнәсінен рейс орындалмаған немесе он сағаттан астам мерзiмге кiдiртiлетiн кезде, жолаушының қалауы бойынша тасымалдаушы жолаушыны билетте көрсетiлген баратын жерiне жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етеді немесе жолаушыға билеттiң толық құнын қайтарады;

- қажет болған жағдайда, жолаушыға авиакомпанияның арнайы тағайындалған лауазымды Адамы тасымалдың кешiктірілген себептерi туралы хат береді немесе билетке белгi қояды.

5. Авиабилеттер үшін ақшаны қайтару

Авиакомпания пайдаланылмаған билет, оның бөлiктерi, ақылы багаж түбiртегi бойынша соманы қайтару туралы өтiнiштi құжаттың жарамдылық мерзiмi ішінде, бiрақ бұл мерзім өткен соң күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей қабылдайды.

Соманы қайтару авиакомпанияға жолаушы купоны (чек) мен билеттiң барлық пайдаланылмаған ұшу купондарын немесе ақылы багаж түбiртегiн ұсыну бойынша ғана жүргiзiледi.

Жолаушы ұшудан мәжбүрлі бас тартқан кезде:

1) жолаушыға билет жазылып берілген рейс алып тасталған, ауыстырылған,

кідіртілген;

жөнелту, межелi немесе жолда аялдау пунктi болып табылатын пункттегі ұшу

кестесi бойынша аялдау алынып тасталған;

3) кестеде көрсетiлген уақытқа сәйкес рейс орындалмаған;

4) қызмет көрсету класы немесе әуе кемесi үлгiсiн ауыстырған;

5) бұрын жасалған алдын ала тапсырыс беруге сәйкес жолаушыға орын тауып беру мүмкiн болмаған;

6) жеке бланкіде жазылған рейстердiң түйiсуiн авиакомпания қамтамасыз етпеген;

7) әуе кемесінде келе жатқан жолаушы немесе отбасы мүшесі ауырған немесе қайтыс болған, медициналық қорытындымен расталған жағдайларда соманы қайтару жүргізіледі.

Ұшудан мәжбүрлі бас тартқан кезде жолаушыға төленетiн сомалар авиакомпания қағидаларымен анықталады. Ұшудан ерiктi түрде бас тартқан кезде, соманы қайтару мынадай тәртiппен

жүргізіледі:

1) егер тасымалдау бiрде-бiр учаскеде орындалмаса, онда жолаушыға тарифтi

қолдану талаптарына сәйкес тасымалдауға төленген сома қайтарылады;

2) егер тасымал iшiнара орындалған болса, онда барлық тасымал үшiн төленген сома мен тарифтi қолдану жағдайларына сәйкес тасымалдаудың орындалған бөлiгiнiң тиісті құны сома арасындағы айырмашылық қайтарылады.

Сіз поездың жолаушысыз:

1. Поезд билетіне ақы төлеу

Кассаларда жолаушылар поезына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату поезд жүргенге дейін 45 тәулік ішінде жүргізіледі.Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңнамасына сәйкес

тиісті құжаттары бар, балаға қамқорлық жасайтын және оның құқықтары мен мүддесін қорғайтын баланың ата-анасы, асырап алушысы, қамқоршысы, жанашыры, патронат тәрбиешісі немесе оларды алмастыратын басқа адам болып табылатын жолаушы:

1) өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баланы егер бала жеке орын алмайтын болса, тегін алып жүруге құқылы. 7 жастан аспаған балаға жеке орын алу үшін жеңілдігі бар балалар жол жүру құжатын (билетін) алу қажет. Жолаушымен 7 жастан аспайтын бір баладан көп бала жүрген кезде бір баладан басқа қалған балаларға жеңілдігі бар жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынады;

2) жеңілдігі бар жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша өзімен бірге 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларды алып жүре алады. 7-ден 15 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүруі үшін ересек жолаушыға белгіленген жол жүру құнының 50%-ы мөлшерінде ақы өндіріліп алынады.

15 және одан үлкен жастағы балалар үшін ересектерге арналған жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынады. Баланың жасы жол жүру басталған күннен анықталады.

15 және одан да үлкен жастағы балалардың ересектерсіз дербес жол жүруіне жол беріледі.

2. Жолаушылар пойыздарында қатынасқа, вагондардың санатына және

типіне байланысты көрсетілетін қызметтердің қажетті және қосымша

түрлері көрсетіледі

Қажетті көрсетілетін қызметтер тізбесіне:

1) қажеттілілігіне қарай кем дегенде тәулігіне екі рет, санитарлық тораптарда қажеттілігіне қарай кем дегенде тәулігіне төрт рет вагонның салонын және купесін жинау.

2) СВ, купе, плацкарт вагондарында барлық жол жүру бойына төсек-орын жабдықтары (матрас, жастық және көрпе) және екі жаймадан, бір жастықтыстан және бір сүлгіден тұратын төсек-орын жиынтығы беріледі, олардың құны жол жүру құнына енгізілген.

Жол жүру барысында жолаушылар вагонының жолсерігі беретін төсек-орын жабдығының толық жиынтығы бар төсек-орын жабдықтарын ғана пайдалана алады. Вагон жолсеріктері төсек-орын жиынтығын жолаушылардың орындарына әкеліп береді, сондай-ақ мүгедектерге, ауруларға, қарияларға, кішкентай балалары бар жолаушыларға төсек-орындарын дайындап береді.

3. Вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санат-

тарына қарамастан жүргізіледі:

1) дәрі қобдишасын пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету, таяудағы станцияда жедел жәрдем көмегін шұғыл шақыру;

2) белгіленген нормаларға сәйкес дәретхана керек-жарақтарымен қамтамасыз ету;

3) вагон салонының ішінде ақпаратпен қамтамасыз ету;

4) қайнаған сумен қамтамасыз ету, отыруға арналған вагондардан жасақталған поездардан басқа;

5) бір бағыттағы жолда жиырма және одан астам сағат (уақыт) бойы болатын халықаралық және облысаралық қатынастардағы поездардың барлық санаттарында және құрамында кемінде төрт купе вагондары қатынайтын, сондай-ақ астананы республикалық маңызы бар қаламен байланыстыратын схемалардың бәрінде тамақтандыруды ұйымдастыру үшін кем дегенде бір вагон-мейрамхана

қосады.

4. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) және соның салдары-

нан тасымалданбаған багаж үшін сомасын қайтару

Тасымалдаушы жолаушыға келесі жағдайларда ақшасын қайтарып береді:

1) жолаушыға поездан сатып алған жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес орын берілмеген жағдайда.

Жолаушы ұсынылған орынды ауыстырудан бас тартқан кезде жолаушыға жол жүру құжатының (билеттің) және тасымалданбаған багаждың ақшасы толық қайтарылады.

Жолаушыға дәл сол поездан санаты төмен вагоннан орын берілген жағдайда, жолаушыға жол жүру үшін алынған сома мен орын берілген вагонның нақты жол жүру құнының арасындағы айырмашылық қайтарылады. Мұндай жағдайларда жолаушылар поезының бастығы акт жасайды, соның

негізінде жолаушы жол жүру құжаты мен актіні көрсетіп, жүгінеді. Комиссиялық алым алынбайды.

2) билет кассасына пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерді):

- поездың жөнелтілуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей қайтарса, толық жол жүру құнын қайтарып алады; поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан аз, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей қайтарса, билеттің құнын және плацкарттың 50% құнын қайтарып алады; поездың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және поезд жөнелтілгеннен кейін 3 сағаттан аспайтын уақытта тапсырса, билеттің құнын алады, бұл ретте

плацкарттың құны ұстап қалынады.

3) отыруға арналған вагондардан жасақталған поездарға ресімделген пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) билет кассаларына:

- поездың жөнелтілуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей қайтарса, толық жол жүру құнын алады:

- поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан аз, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей қайтарса, билет құнының 50%-ын алады;

- поездың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және поезд кетіп қалған соң қайтарса, жол жүру құны қайтарылмайды;

4) 2 және одан астам компостер белгісі қойылған немесе олардың жарамдылық мерзімі ұзартылған аялдама туралы мөртабаны бар жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша төлемдерді қайтару кезінде;

5) жолаушы науқастануына байланысты поездан түсірілген жағдайда.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу кезінде, оның ішінде брондау/резервтеу  операциялары үшін алынатын комиссиялық алымдар жолаушыға қайтарылмайды.

Келісілген поездардың кешігуіне байланысты жолаушы жол жүруден бас тартқан жағдайда, поездың кешігуі салдарынан жолаушының кешіккені үшін Тасымалдаушы жол жүру құны мен алымдарды толығымен қайтарады. Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару операциясы үшін ақы алынбайды.

Жолаушы поезға ауданаралық қалааралық қатынастағы поездардың, сондай- ақ отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездардың кідіруіне байланысты кешіккен жағдайда, кешіккен поезға алынған жол жүру құжатымен (билетпен) расталған кешіккені туралы белгісі бар жол жүру құжаты

(билет) күшін сақтайды және жуық арада болатын келесі поезға қайта ресімделуі тиіс. Егер жолаушы жол жүруден бас тартса, онда жол жүру құны мен әр түрлі төлемдер толығымен қайтарылады. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару операциясы үшін ақы алынбайды. Жолаушыға өзімен бірге бір толық және балалар жол жүру құжатымен (билетімен) ұсақ-түйек қол жүгінен басқа, мөлшері үш өлшемнің жиынтығы бойынша 200 сантиметрден (100х50х50), 35 кг аспайтын, ал «Talgo» фирмасының вагондарынан құрастырылған поездарда және соларға ұқсас вагондарда (вагон корпусының максималды биіктігі – 3290 мм, вагонның максималды ені – 2950 мм) мөлшері үш өлшемнің жиынтығы бойынша 150 см-ден (70х40х40), 25 кг-нан аспайтын қол жүгін тегін алып жүруге рұқсат етіледі.

Сіз такси жолаушысыз:

Жолаушылар мен багажды таксимен дара кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрi – таксимен тасымалдаушы) тасымалдауы жеңiл автомобильдермен жүзеге асырылады. Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшiн кемiнде төрт бүйір есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдер қолданылады. Арнаулы басқаруы бар автокөлiк құралдарын такси тасымалдауы үшiн қолдану, соның iшiнде барлығы

қолмен, сондай-ақ басқару рулi оң жақтағы рұқсат етiлмейдi.

1. Жолаушыларды таксимен тасымалдауға ақы төлеу:

Такси жіберуге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң төлейдi.Таксимен жол жүру төлемiн жолаушы таксометр көрсеткіштеріне сәйкес өзi жүрiп өткен қашықтық үшiн алдын ала келіскен тарифке сәйкес немесе кассалық бақылау машинаны қолданумен сапарды ұйымдастыру туралы ауызша шарттың

негізінде сапар аяқталған және багаж түсiрiлген соң төлейдi. Аяқталған сапар үшiн төлем туралы түбiртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша беріледі.

Егер таксимен тасымалдау процесiнде, оның қозғалысын жалғастыру жүргiзушiге қатыссыз жағдайлар бойынша мүмкiн болмайтын жағдай туындаса, онда тасымалдау шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған деп есептеледi және жолаушы жүрiлген қашықтықты төлейді.

Жалпы салмағы автомобильдiң техникалық құжатында көзделгеннен аспайтын багажды таксидiң багаж бөлiмшесiнде және тек багаж бөлiмшесiнiң қақпағы жабық жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етiледi.

2. Багажды тиеу мен түсiрудi таксидiң жүргiзушiсi жүзеге асырады

Таксидiң салонында есiк ойықтары арқылы еркiн өтетiн, салонның қаптамасы мен жабдығын бүлдiрмейтiн және ластамайтын, жүргiзушiге автомобильдi басқаруға кедергi болмайтын және артқы жақты көру айнасымен байқаудышектемейтiн түрлi заттар мен бұйымдарды тасымалдауға рұқсат етiледi.

Таксиде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттермен, торлармен немесе түбi тұтас сумкалармен тасымалдауға рұқсат етiледi.

Таксиде иттердi тасымалдауға тек мұндай тасымалға жүргiзушi мен басқа жолаушылар келiсетiн болса ғана рұқсат етiледi.

3. Егер Сізге тасымалдау бойынша сапасыз қызмет көрсетілсе, онда Сіз шағыммен:

Тасымалдаушыға (тасымалдау мекемесінің әкімшілігіне) жүгіне аласыз.

4. Жолаушының міндеттері:

- жолға ақы төлеуге;

- қоғамдық тәртіпті сақтауға;

- көлік құралдарын және көлік үй-жайларын пайдалану қағидаларын сақтауға;

- көлік ұйымының мүлкіне мұқият қарауға;

- жол жүрудің барлық уақыты ішінде билетті сақтауға және бақылауды жүргізетін адамдардың талабы бойынша ұсынуға міндетті.

5. Мыналарды:

- дәрiмен атылатын қарудың барлық түрлерін, сондай-ақ айналадағы адамдар үшін қауіп төндіретін заттарды;

- жарылатын және өзге де өлімге әкелетін құрылғыларды, жарылғыш заттарды: дәрінің барлық түрлерін, гранаталарды, барлық типтегі миналар мен снарядтарды, аңшылық пистондары мен детонаторларды, динамит, тол, аммонал, тротил, радиоактивті, есірткі және жеңіл тұтанатын заттарды;

- улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттарды сұйық немесе қатты күйінде тасымалдауға тыйым салынады;

Жолаушы келтірілген зиянды, оның ішінде уақытын жоғалтқаны үшін ақшалай баламада өтеуді талап етуге құқылы.

сапарларыңыз сәтті болсын!

Аса қауіпті жұқпаның алдын алу.

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу

«Тауарды қайтып беру және айырбастау»

КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ.

Аудит бойынша аудан кәсіпкерлеріне ақпарат

Нитратсыз өмір: өз дастарханымызға азық-түлік таңдаймыз

Ботулизм деген не?

ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзгертулер, толықтырулар туралы.

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Дені сау болып өсеміз» акциясының өту аясында назарларыңызға келесілерді ұсынады.

Менингококкты инфекция

Өткір ішек инфекцияларының алдын-алу.

 

4904570
5062

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.